Home » Билік » БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

           28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай киелі Мақтаарал ауданында ақпарат саласының майталмандарын  марапаттау рәсімі өтті. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
          «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өңірде атқарылып жатқан игі істерді оқырман қауымға жеткізіп жүрген БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ақпараттық-насихаттық бағыттағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін» – деді Бақыт Насырханұлы.
          Салтанатты іс-шара барысында БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталып, мерекелік сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, бірнеше журналистерге Ұлы Қазақ елінің батыры «Алпамыс батыр» төсбелгісі тағылды.
           Айта кетейік, бүгінгі таңда Мырзашөл өңірінде 1 телеарна және 10-ға жуық газет тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, әлеуметтік желі белсенділері көбейіп, азаматтық қоғам нығайып келеді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...