Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАНЫСЫ ЖОҚТЫҢ, «ШАНСЫ» ЖОҚ ПА? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ТАНЫСЫ ЖОҚТЫҢ, «ШАНСЫ» ЖОҚ ПА?

ТАНЫСЫ ЖОҚТЫҢ, «ШАНСЫ» ЖОҚ ПА?

Десек те, шындығынан шырай қашқан ,
Бұл қоғам алға қадам сынай басқан.
Көкесіне сенгендер талтаңдап жүр,
Қоғамда бір -бірімен сыбайласқан.
Осының барлығына төзіп жүрген ,
Жердегі қиянатқа жылайды аспан…
Серік ҚАЛИЕВ.
              Есіткен құлақ та жазық жоқ! Ара-тұра үлкендердің «Мекемеде танысы болса керек. Пәленшенің баласы тәп-тәуір жұмысқа кіріп алыпты» деген әңгімесін құлағымыз шалып қалып жатады. «Бармақ басты, көз қысты» деген ұғымның біздің қазаққа үйлесе кеткені өкінішті!.. Бұл біздің қоғамда ашық түрде етек алып жатқан сыбайлас жемқорлықтың бір түрі. Жыл санап осы қылмыстың елімізде үдеп бара жатқаны жасырын емес. «Ешкімнің ала жібін аттамасын» деп өсірген сәбилер келешекте жемқор болса кімді кінәлаймыз? Тал бесіктен берілер «адалдық, ар-ождан» секілді қасиеттердің жоғалып бара жатырғаны жанды қинайды… Берілсе қазынаның қаражатын жымқырып, ел бюджетін өз қалтасының ақшасындай көріп жүрген аға-көкелер қайдан келді? Бағанағы  таныс-тамырдың дәурені де  әлі бітер емес! «Біреудің ақ адал несібесін жеме, қиянат болады» деуші еді бұрын…
            Алдымен статистиканы сөйлетсек, халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша Қазақстан жемқорлықтың салдарынан жылына 3,8 млрд. АҚШ долларын жоғалтады екен. Мұндай қылмыс көбіне етек алатын орындар – әкімшілік полиция және қылмыстық атқарушы жүйенің жұмыскерлері. Жемқорлық бойынша еліміз рейтингтің көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Бұл қылмыстың түрі бір жылда бірнеше рет тіркеледі.
            Сыбайлас жемқорлық күннен-күнге азайып, таныс-тамырдың дәурені өтіп бара жатыр десек те, біздің мемлекет мұны түбегейлі жоюға әлі де қауқарсыз!  Танысың жоқ болса жұмыс табуың қиын, оқуға түсуің де оңай емес. Елімізде жастар арасында жүргізілген сауалнамада студенттердің 95%-ы танысың, ағаң, көкең болмаса жұмысқа орналасу қиын деп жауап беріпті. Бұл жауапты біздің қазаққа тән менталитет деп ақтап бере алмаймыз. Себебі, әлі күнге дейін орналып отырғаны ақиқат. Бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттерде де күрмеуі шешілмеген қиын мәселе.
              Десе де, жайлы жұмыс орнына орналасып, қалаған оқу орнында оқу үшін барлық мәселені таныс-тамырға тіреп қою қате түсінік.Таныссыз да танылып, табыс тауып жүргендер бар. Қарым-қабілеті мол маманға қай жерден болса да жұмыс табылары анық. Білімі мол студентке қандай ЖОО болсын өз есігін ашары хақ! Біздің мемлекет тауып алған танысынан гөрі, озық ойлы жастарға өте мұқтаж! Ал ауыл тұрғындарының пікірі төмендегідей.
          Байганина Сымбат Мағданқызы,
Жаңа жол ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы:
Менің ойымша, қазіргі таңда таныс-тамырға сену қате түсінік.Таныс арқылы танылып, жұмысқа кірген күнде де әр сала өз маманынан жауапкершілікті қажет ететіні анық.Өкінішке орай таныс-тамырға сену әлі күнге дейін бар. Десе де ХXI ғасыр – біліктілік пен білімділіктің ғасыры. Кез-келген саланың мамандары да өз мамандығына жетік болуы тиіс. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылын екі жақтап» деп Абай айтпақшы бүгінгі уақыт ақылға сүйенетін дәуір.Өз маңдай теріңмен тапқан ақ адал еңбектің берекесі мен қуанышы болады. Сол үшін де таныс-тамырға сенуден аулақ болу керек деп ойлаймын.
 
           Меңдеева Нәзира Азаматқызы,
          М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика және Психология факультетінің 3 курс студенті:
       «Танысы жоқтың шансы жоқ» деп үзілді-кесілді айтуға болмас. Дегенмен де бұл біздің қоғамымызда  бүгінге дейін бар дүние. Бұрында болған, қазірде бар, әрине болашақта болмаса екен деп үміттенеміз. Алайда қоғамда қалыптасып кеткен қисыңсыз заңдылықтардың оңайлықпен жойылмасыда анық. Менің ойымша, таныс арқылы жұмысқа кіру мықты мамандардың мүмкіндігін шектеу секілді. Әрине, маман  өз ісінің шебері болса, оның жетістікке жетуіне ешнәрсе тосқауыл болмайды. Білікті маманның қай жер де болса да өз-өзін дәлелдей алатынына титтей де күмәніміз жоқ. Ал, таныс арқылы табыс тауып жүргендерге заң тоқтау қоюы керек.
         Болашаққа қадам басқан әрбір кемел мемлекет өз ертеңін өзі ғана жасайды.  Жемқорлық жойылмаған мемлекеттің келешегі күңгірт, болашағы бұлдыр! Сыбайлас жемқорлық ғасыр дертіне айналмай тұрғанда мемлекет бұл қылмысқа шектеу қоюы тиіс.Қазақстанның әрбір мекемесінде таныс тамырына сүйеніп жұмыс істеп жүрген жандарға халық өз болашағын тапсыра алмайтыны  белгілі. Ендеше ел болып сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ұлт болып қарсы тұрайық!
Дилназ ДИДАРҚЫЗЫ,
Айдархан ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...