Home » Әлеумет » ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: «СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫП ЖАТЫРМЫЗ»

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: «СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫП ЖАТЫРМЫЗ»

                  Меценаттардың көмегімен Қазақстанда алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды. Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасымен,  ҚР ІІМ «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр.
            Аталған УПП – азаматтардың қажеттіліктері, учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттері ескеріліп, арнайы жабдықталған. Кеңседе азаматтарды қабылдауға, жиналыс өткізу үшін 10 орынға шақталған жеке бөлме бар, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген ана мен балаға арнайы бөлме қарастырылды, қызметкерлердің киімін қоюға арналған шкафтар мен құжаттарды сақтауға арналған жәшіктер қарастырылды. Одан бөлек, пробация қызметкеріне бір бөлме және кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторға жеке бөлме берілді. Сондай-ақ қызметкерлердің демалыс бөлмесі мен ас үй де толығымен жабдықталған. Жалпы ғимараттың ауданы 8 жұмыс орны мен тіркеу бөлімін қосқанда 156,65 м² құрайды.
         Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі Б.Т. Есполов жаңа учаскелік пункт үшін кеңсе бөлді. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ «NAK» құрылыс компаниясымен бірге учаскелік полиция пунктінің заманауи стильдегі дизайнын жасап, жобалау және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, техникалық жабдықтарын алып, ғимаратты толығымен  қайта жабдықтады.
           КАЗГЮУ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, жоғары оқу орнының қызметкерлері инспекторлармен тереңдетілген сұхбаттар жүргізіп, арнайы әдістеме дайындағанын айта келіп:
         «Пилоттық аймақтағы 29 полиция қызметкерінің жұмыс уақытына хронометраж жүргізу барысында бақылаушылар (университет қызметкерлері мен студенттері) учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлері жұмысының күрделілігі мен ауырлығын зерттеді. Зерттеу барысында полиция қызметкерлерінің жұмысы қауіп-қатерге толы екеніне қарамастан тиімді және жайлы орында жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасалмағаны анықталды.
        Қазақстандағы басқа учаскелік полиция пунктері де осындай болғанын қалаймыз. Біз сервистік полиция құрып жатырмыз», – деді.
           Полиция қызметкерлері және пилоттық аудандағы полиция департаментінің басшылық құрамы университет базасында «Кикілжің психологиясы», «Құқықтық талдау негіздері», «Эмоционалды интеллект», «Құжаттарды рәсімдеу» курстарын оқып, кәсіби  біліктілігін арттырды.
             Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Қуаныш Бәкібаев пилоттық жоба болашақта жемісін беретініне сенімді екенін айта келіп: «Елордалық полиция қызметінде өзгерістер болып жатқанын көріп отырмыз. КАЗГЮУ-де біліктілікті арттыру курсынан өттік. Пилоттық жобаның арқасында болашақта ісқағаздар жұмысының басым бөлігі электронды форматқа ауысады. Ол өз кезегінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді»деді.
         Аталған учаскелік пунктінің штаттық құрамы курс нәтижесі бойынша оқытушылар берген ұсыныстардың негізінде жасақталатын болады.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН

        ...

АУДАНЫМЫЗДА 210 ТІК ДРЕНАЖДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

        ...

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        ...

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 90 ҮЙДІ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

        ...

9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

        ...

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...