Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАС ЕСЕПШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » БАС ЕСЕПШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БАС ЕСЕПШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

          ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, ҚР-ның «Құқықтық актілер туралы» Заңына, ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына, ҚР «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі туралы» Заңына және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 102-тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың өкімімен Айдынбек Бағдат Полатбекұлы ауданы әкімі аппаратының әкімшілік, жалпы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маман-есепшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров бас есепшіні аппараттың активіне таныстырып, жаңадан бастап жатқан жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жас маманның потенциалына үлкен үміт артатынын айтып, бірнеше нақты тапсырмаларды берді.

Бағдат Айдынбек 1994 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2016 жылы НАРХОЗ университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы Мақтаарал ауданына қарасты Қазыбек би ауылдық округінің мәдениет және әлеуметтік сала бойынша бас маманы лауазымынан бастады. 2018 жылы ауданның экономика және қаржы бөлімінде экономикалық талдау және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, кейіннен жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

         2020 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап қазіргі жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметінде  еңбек етті.

         Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...