Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
241 ШАҚЫРЫМ СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ТАЗАЛАНАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » 241 ШАҚЫРЫМ СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ТАЗАЛАНАДЫ

241 ШАҚЫРЫМ СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ТАЗАЛАНАДЫ

         Негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы болып табылатын Жетісай ауданы үшін жердің тұздануын төмендету өте өзекті. Аталған мәселелерді тездетіп шешу мақсатында, аудан әкімі Мұрат Болатұлы механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан каналдарда болды.
             Егінді жерлердің сорлану жағдайынан толық хабардар аудан әкімі, тиісті сала өкілдеріне мәселені тездетіп шешуге тапсырма берді. Қосымша айта кететін болсақ. Биыл облыстық бюджет есебінен Жетісай ауданының коммуналдық меншігіндегі 241,3 шақырымды құрайтын 121 дана су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстары басталды. Аталған су қашыртқылары Қызылқұм, Жаңа ауыл, Жылы су, Қазыбек би, Атамекен, Қарақай, Ш.Ділдәбеков және Мақталы ауылдық округтерінде орналасқан.
            Механикалық тазалау жұмыстарын Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.
             Бүгінгі күнге Мақталы ауылдық округі бойынша 20,1 шақырым (10 қашыртқы) механикалық тазалаудан өткізілді.
              Жалпы механикалық тазалау барысында жұмыс істеп жатқан техника саны: 4-экскаватор, 4-драглайн, 2-бульдозер, 1-жанар-жағар май тасмалдауға арналған көлік, 1-жүк көлігі, 1-трал.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...