Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АРАПА КҮНІ АШЫЛҒАН КЕСЕНЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АРАПА КҮНІ АШЫЛҒАН КЕСЕНЕ

АРАПА КҮНІ АШЫЛҒАН КЕСЕНЕ

        Қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында Қазыбек би ауылдың округінде Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевтың демеушілігімен Таубай ата кесенесі ашылды. Кесенеге Өзбекстан Республикасы, Фарш ауданы, Ерімбетов совхозындағы Таубай ата құдығы зиратынан Таубай ата мен ел арасында Қыз әулие атанып кеткен қызы Бибігүлдің топырағы әкелініп, қойылды.       Шараның салтанатты ашылуына аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев, аудандық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. Әруақтардың рухына құран бағышталып, дұға жасалды.
       Нұрбаев Таубай Әбдірахманұлы григорян күнтізбесі бойынша 1746 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылының тұсындағы Сырдария өзенінің сол жақ бетіндегі Қызылқұмда (бұрынғы Кеуректің құмында) дүниеге келген.
      Атасы Нұрбай мен әжесі Шәмшия діни сауатты, өсіп-өнген, тәрбиелі жандар болған деседі. Өз кезегінде Таубай Әбдірахманұлы да медреседе оқып, діни білім алған. Жастайынан еңбекқор, шымыр, ержүрек болып өскен бала шариғатқа жетік, Құран-Кәрімді жатқа білген. Дарбаза елді мекенінен мектеп-медіресе ашып, жас ұрпақты дін ислам жолына баулыған. Ұстаздық жасап, көптеген шәкірт тәрбиелеген. Бертін келе Қалампыр есімді қызға үйленіп, ұлы Байтұяқ пен қызы Бибігүл туылған. Байтұяқтан Бөрістем, Рүстем, ал, Рүстемнен Дәрістем есімді шөбересі болған. Қазіргі таңда бұлардың ешқайсысынан ұрпақ қалмаған.
      Таубай Әбдірахманұлы көзінің тірісінде түрлі дертке шалдығып, шипа іздегендерді Құран-Кәрімнің сүрелері мен аяттары арқылы ем-дом жасаған.
Ол XVIII ғасырдағы қазақ халқының басындағы нәубетті жылдарда Қоқан шапқыншыларына қарсы елді бастап, батырлығы мен ерлігі ел ауызында қалған тұлға тұлғалардың бірі.
      Аңызға сенсек бетпе-бет шайқастарда жеңіліп көрмеген ірі денелі Таубай қылыштасу мен найзаласудың асқан шебері, ұстасқанды алып жығатын қара күш иесі болыпты. Әдетте қол жинап шабатын батыр қапылыс кезеңдерде жауға бір өзі де сүрең сала береді екен. Белдескен мен жауласқандарын әруағы асып, сұсы басып, бет қаратпаған.
       Ес біліп, қолына қару ұстауға шамасы келген сәттен бастап өмірінің соңғы сәттеріне дейін Қоқан хандығына қарсы шайқастарда елдің елдігі мен еркіндігі жолында шайқасқан Таубай Нарбаев жасы жетіп, өз ажалымен өлмепті. Батырды қоян-қолтық шайқаста жеңе алмайтынын білген Қоқан бегінің жансызы Қанағатбек Таубайдың құлын дүние-мүлікпен алдап, сырын біледі. Дүниеге қызыққан құл батырдың таңғы бамдат намазы кезінде денесінің босайтынын және ол кісінің қандай жағдайда да намазды бұзбайтынын айтып қояды. Қоқандықтар 1796 жылы таңғы бамдат намазы кезінде ойларын жүзеге асырып, намаз үстінде отырған батырдың басын алған. Бұл хижра жыл санағы бойынша 1217 жыл екен. Әкесі өлтірілгеннен кейін ашу-ызаға булыққан 16 жасар қызы Бибігүл қару-жарағын асынып, қоқандықтармен соғысты жалғастырады. Алайда, оның да басы кесіліп, қан жосиды. Бибігүлдің қаны тиген құмды алқап бүгінде шеңгелді алқапқа айналыпты.
       Кесененің ашылу салтанатында Таубай Әбдірахманұлы мен Бибігүл Таубайқызына арнап кесене тұрғызып, қасиетті жандардың қазақ топырағына қайта оралуына үлкен үлес қосқан Жамантай Қанайұлына алғыс білдірген ел зиялылары иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Елдің ертеңі мен болашағының жарқын болуын тілесіп, бата жасасты.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...