МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
19/07/2021
13 Views
ҚР ІІМ-нің 2021 жылғы 15 шілдедегі №1-5-4-58/2207-И нұсқауына сәйкес, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың профлактикасы мақсатында біздің облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы аталмыш шара аясында біздің аудандық пробациялық қызметте арнайы іс-шаралар жоспары түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Пробация қызметінің өкілдері учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, өздеріне бекітілген аймақтағы есептегі азаматтармен кездесулер өткізуде.
Егерде ол азаматтарда – жұмысқа орналасу, тұрғын үйлеріне, медициналық ем қабылдау мен басқа да әлеуметтік маңыздағы өзекті мәселелер туындаса соны шешуге ҚР Заңдары аясында белгіленген тәртіппен тиісті көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін демеушілік жасаушы кәсіпкерлерге ұсыныстарды жасау мәселесі де қарастырылады.
Бұл іс-шараның арқасында халық арасында құқық қорғау органдарының, оның ішінде пробациялық қызметтің беделін арттыратыны белгілі. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық ПҚБ-нің инспекторы, әділет аға лейтенанты.
2021-07-19