МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША КӨРСЕТКІШІ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Экономика
22/07/2021
54 Views
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2021 жылдың қаңтар-маусымында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 9228865 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,2 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылдың қаңтар-маусымда Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 7453,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,2 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 725,4 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 6694,9 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1260,6 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,4 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1877,3 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,5 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 12,5 мың адамды құрады.
2021 жылғы бірінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 162123 теңгені құрап, бұл 2020 жылғы төртінші тоқсанына қарағанда 127,4 % құрады.
Демографиялық процестер. 2021 жылдың 1 маусымға Мақтаарал ауданындағы халық саны 134263 мың адам, халықтың табиғи өсімі 1244 адам, туу- 1529 адам, қайтыс болғандар 285 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 362 отбасы, ажырасқандар-13. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер-2264 адам, кеткендер- 2775 адам.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданы
Статистика басқармасының басшысы.
2021-07-22