ЖАҢЫЛЫП ЖАЗА БАСЫП, ӨКІНІП ҚАЛМАҢЫЗДАР
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Қылмыс пен жаза
22/07/2021
40 Views
2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотты болғандармен қайталап жасаған қылмыстар саны 2020 жылдың 12 айлығына қарағанда едәуір өскені анықталып отыр. Мұның себебі көбіне есептегі азаматтардың әлеуметтік қорғалусыздығы, қоғамдық жұмыспен қамтылмауы салдарынан орын алуда. Егер де осындай жалғаса берсе, пробациялық есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауы әбден мүмкін.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға
– сотталып, пробация қызметі бөлімінің есебінде жүре тұра, яғни, қылмыстық жазаны өтемей немесе соттылығы алынбай қайта қылмыстық жазаны өтемей немесе соттылығы алынбай қайта қылмыстық жазаға тартылуы, ауырлататын мән-жайы ретінде есептеліп, орташа ауырлықтағы қасақана қылмыстың, ауыр немесе аса ауыр қылмыстың санаттарына қарай сот шартты түрде соттаудың күшін жойып, жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға үкімдердің жиынтығына қарай жазаның өтелмеген бөлігін ішінара немесе толық қосу арқылы жазаны тағайындайды.
Қандай себеп болса да, есепте тұратын азаматтардың әрбір қайта жасалған қылмыстар үшін жауапкершіліктің салмағы ауырлап, бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын есте сақтаулары қажет.
Б.ОРАЗБЕКОВ,
Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы,
әділет капитаны.
2021-07-22