Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАРАТ АБУОВ: ЕГІСТІКТІ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАРАТ АБУОВ: ЕГІСТІКТІ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕК

МАРАТ АБУОВ: ЕГІСТІКТІ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕК

         Биылғы жылдың тамыз айынан бастап көршілес Өзбекстан Республикасынан мемлекетаралық «Достық» магистралды каналы арқылы келетін ағын судың көлемі азайып, ағын судың жетіспеушілігі туындауы әбден мүмкін. Осыған орай жетісайлық жер емген шаруалар дәл қазіргі сәтте ешбір кедергісіз келіп жатқан суды тиімді пайдаланып, егістік алқаптардағы вегетациялық жұмыстарды жеделдетулері керек. Әрбір шаруа уақыт пен мүмкіндікті тиімді пайдаланып, еңбек етсе қиындықтарды да оңай еңсеруге мүмкіндік бар.
         Бұл жайында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов пен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінің шаруаларымен өткізген кездесулерінде айтылды.
        Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруалар алдағы уақытта тапшылығы жиі сезіліп келе жатқан ағын суды үнемдей отырып мол өнімге қол жеткізу мақсатында тамшылатып суғару жүйесін енгізу, бір жерден 2-3 өнім алу тәсілдерін жүйелендіру, мақта зиянкестеріне қарсы күресті жүргізу секілді өзекті мәселелерді ортаға салды. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.
          «Біз шаруалармен кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, тиімді тәсілдерін түсіндіруді мақсат еттік. Ортақ пікірлер мен ұсыныстар айтылды, күрмеуі қиын мәселелер аясында сұрақтар қойылды. Әрбір шаруаның пікірі біз үшін маңызды, хаттамаға енгіздік. Алдағы уақытта жауапты мекемелермен тиісті жұмыстарды жандандыратын боламыз» дейді, Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...