Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АГРАРЛЫ АЙМАҚ ҮШІН ӘРБІР САҒАТ МАҢЫЗДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АГРАРЛЫ АЙМАҚ ҮШІН ӘРБІР САҒАТ МАҢЫЗДЫ

АГРАРЛЫ АЙМАҚ ҮШІН ӘРБІР САҒАТ МАҢЫЗДЫ

             Аудан әкімі Мұрат Болатұлының елді мекен тұрғындарымен кездесу жиыны түстен кейін Қазыбек би ауылдық округінде жалғасты. Алдымен аудан басшысы К-26 каналында болып, ағын судың жағдайын көрді. Су мамандарымен тілдесіп, мән-жайға қанықты. Сонан соң округ әкімінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен жүздесті. Қажеттіліктеріне құлақ түріп, ұсыныстарын тыңдады.
             Жалпы жер көлемі 8816 гектарды құрайтын 7 елді мекені бар округте бүгінде 6 ұлттың өкілдерінен құралған 17 065 халық тұрады. 6 денсаулық сақтау нысаны, 6 жалпы орта білім беру ошағы мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылған 17 балабақшада бар.
      Аудан басшысымен өткен  кездесу барысында тұрғындар елді мекендердегі жол, ауыз су, жарықтандыру мәселелері жайлы ұсыныстар айтып, сұрақтар қойысты. К-26 каналы бойында елді мекендерге кіретін 20 кіші көпірдің ескіргенін айтып, мемлекеттік меншікке алуды, күрделі жөндеуден өткізіп беруді, елді мекендердегі негізгі проблема саналатын таза ауыз суды қолжетімді етуге ықпал етуді өтінді.
            Округ әкімі Дәулет Оразовтың мәліметінше елді мекендерде ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісай су» мекемесіне қарасты 11 су мұнарасы мен 4 елді мекенде 5 «ОМЕГА» қондырғысы жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 12-24 сағат аралығында берілетін ауыз судың сапасы қатаң бақылауға алынған. Одан бөлек ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірнеше елді мекенде қосымша су мұнарасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
         «Бюджет қаржысының әрбір тиынының сұрауы бар, оны оңды-солды жұмсай алмаймыз. Бұл дегеніміз – нақты қорытындысы жасалмаған, жүзеге асуы күмәнді жобаларды жүзеге асыруға әрекет жасамаймыз. Ауыз су, жол, жарықтандыру мәселелері біздің күн тәртібімізден түскен емес. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – аурухана, мектеп, балабақша секілді мекемелерге инфрақұрылымдар жүргізіледі. Қалғаны кейінгі кезектерде рет-ретімен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады» деген Мұрат Болатұлы мемлекеттік тапсырыс негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылауды округ әкіміне қадап тапсырды.
           Жиын барысында ағын суды ұтымды пайдалану мәселесі де айтылмай қалмады. Өйткені, тамыз айынан бастап тапшылығы сезілетін суды шаруалар егістіктерін суғаруға толықтай пайдаланбай отыр. Каналдарда су жеткілікті деңгейде болғанымен егістіктерге алмаған. Міне, осы жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы мамандарымен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір күнді тиімді пайдалануға шақырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...