Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ AITU ҚОСЫМШАСЫНАН АЛА АЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ AITU ҚОСЫМШАСЫНАН АЛА АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ AITU ҚОСЫМШАСЫНАН АЛА АЛАДЫ

          2021 жыл 30 шілде,  Нұр-Сұлтан қаласы.
         «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді танымал алаңдарға шығаруды жалғастыруда. Енді электрондық үкімет сервисі Aitu қосымшасымен интеграцияланды.
          Қазіргі уақытта платформада eGov.kz порталындағы тұрғылықты жері туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, әртүрлі медициналық ұйымнан анықтамалар, шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама, кепіл туралы анықтаманың барлық түрлерін қоса алғанда, ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтерге қолжетімді, сондай ақ ХҚКО-да кезекті брондау қызметі де бар.
          «ЦДИАӨМ ұсынған мультиплатформалық тәсіл векторын ұстануды жалғастыра отырып,біз өз қызметтерімізді танымал қосымшалар қатарына шығарумен шекарамызды одан әрі кеңейткіміз келеді.Бізде қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығарған сәтті кейс бар.Осылайша, біз халықтың мемлекеттік қызметтерді қолайлы алаңда алатындай таңдау жасауын ұсынуға ұмтылудамыз»,-дейді«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
          Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп алып, оған тіркелу қажет және «Қосымшалар» бөлімінде «eGov» – ты таңдау керек немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басу қажет. Әрі қарай авторлану қажет, өзіңізге қажетті көрсетілетін қызмет түрін таңдау қажет және бір минут ішінде сауалға жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді.
           Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандықтарға қолжетімді. Басты талабы — мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. Егер пайдаланушы МАБ – та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру қызметін пайдалану қажет.
              «Біз Aitu құндылығын арттыруда тұрақты жұмыс істеудеміз. Бұл жолы жұмысқа орналастыру, БЖЗҚ шотындағы қолжетімді соманы тексеру, сапарларға дайындық және т.б. өмірлік жағдайларды шешуге қатысты көрсетілетін қызметтерге баса назар аудардық.Біз Aitu-дың көмегімен кез келген жерде, кез келген уақытта және кез келген құрылғыда ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың белсенді түрде қолжетімділіктерінің болғанын қалаймыз«, —деп түсіндірді BTS Digital компаниясының продакт менеджері Нұрсұлтан Ахметов.
            Aitu-дағы «eGov» сервисі «ҰАТ» АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.
Баспасөз қызметі:
Әсия Мұсабек
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Assiya.Mussabek@nitec.kz
+7 (7172) 701665 ВН 3067
 
Аида Найзабекова
BTS Digital
aida.naizabekova@btsdigital.kz
+7 701 506 66 67

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...