Home » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бастамасымен тұрғындардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін адам бойына қажетті құндылық қатынастар мен қабілеттерін дамыту мақсатында ілкімді істер қолға алынып жатыр.
         Сондай мән-маңызы жоғары кезекті іс-шара Жетісай ауданында болып өтті. Аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильді топ мүшелері мен «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қаладағы халық жиі болатын, көп шоғырланатын орындарда болды.
       Нақтырақ айтар болсақ, «Қазпошта», аудандық орталық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып бұқарамен бетпе-бет сұхбаттасты. Арнайы әзірленген үнпарақшалар таратып, сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлерін түсіндірді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің оған қарсы сананы қалыптастырудан басталатынын алға тартқан мобильді топ мүшелері қоғамдағы бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге шақыру мақсатында Асықата кенті, Қазыбек би, Абай, Қызылқұм, Ералиев, Мақталы ауылдық округі әкімдері аппаратының қызметкерлерімен де кездесулер өткізді.        Басқосу барысында жұмысшы топ мүшелері мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет жасап, билік пен басқару органдарының беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай заңдылық қағидаларын жоққа шығаратын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтын қылмыстың ең қауіпті түрі – сыбайлас жемқорлық туралы қойылған сұрақтарға жауап берді, пікір алмасты.         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте маңызды.
         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – ол тек қана сана емес, ол – сыбайлас жемқорлықты бүкіл жан-тәнімен қабылдамау, қарсы тұра білу» дейді Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті.
         «ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» делінген. Бұл дегеніміз білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы осындай шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады деген сөз.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ПАРЫЗ БЕН БОРЫШТЫ АРҚАЛАП

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ

        ...

БҰЛ ЕҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

        ...

ЖУРНАЛИСТ ҮКІМЕТ ҮЙІНЕ КІРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ  

        ...

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ӘРІБІ!

     ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР, ...

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

       Аудан ...

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ

        ...

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

        ...