Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕКІ ЕСЕ КӨТЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕКІ ЕСЕ КӨТЕРДІ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕКІ ЕСЕ КӨТЕРДІ

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорация 1414 бірыңғай байланыс орталығы  бөлімдері операторларының жалақысы бойынша кесімді-сыйлықақылытөлем жүргізу пилоттық жобасын іске қосты.
         Оған Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы call-орталық бөлімдерінен 106 оператор қатысып жатыр.
          Жаңа жүйе бойынша пилоттық жобаға қатысушылар өз жұмыстарының сапасына байланысты көбірек табыс табуға мүмкіндік алды. Бұл ретте, бір күндік орташа көрсеткішті, яғни 90 қоңырау қабылдағаны үшін ең төменгі жалақы мөлшері белгіленген. Орташа көрсеткіштен жоғары келесі әрбір қоңырау үшін төлем қосылып отырады.
         «Егер бұрын байланыс орталығының операторлары 90 мың теңге жалақы алатын болса, жаңа жүйе бойынша олардың екі есе көп табыс табу мүмкіндігі бар. Жаңа жүйе бойынша ең жоғарғы жалақы мөлшері салық шегерімдерімен қоса алғанда 170 мың теңгені құрайды. Пилоттық жобаның бірінші айының қорытындысы бойынша 106 Оператордың 61-і ең жоғары деңгейге жетті, ал тағы 25 адам нормативін орындап, жоғары жалақы алды. Біз жаңа жүйенің алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз – «пилотқа» қатысатын операторлардың орташа еңбек өнімділігі 114%-ға өсті. Егер бұрын бір оператор күніне 62 қоңырау қабылдаса, қазір–133 қоңырау. Пилоттық жоба әлі де жалғасып жатыр», – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
           2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дан«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қарамағына өтті. Қызметкерлердің жүктемесін азайту үшін Петропавл, Көкшетау, Қызылорда және Қостанай қалаларында бірыңғай байланыс орталығының қосымша кеңселері ашылды. Операторлардың жұмыс барысына онлайн-мониторинг жүргізілді, дауыстық роботтың жұмысы жаңартылды, омниканалдық платформа енгізілді, операторларға қосымша оқыту жүргізілді.
           Халыққа қызмет көрсету орталықтары және eGov.kz электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша байланыс орталығына ай сайын 1,5 млн қоңырау келіп түседі. 1 шілдеден бастап 1414 байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоңыраулар қабылдай бастады. Бұрын осы мәселелер бойынша 1411 қысқа нөміріне хабарласу қажет болатын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...