ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы жаңартылды, соған сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторингілеу тәртібі өзгертілді.
7 тарау мен 79 тармақтан тұратын жетілдірілген Қағида келесі негізгі ерекшеліктермен айқындалған:
-
Оқулық басылымдарының қағаз және электрондық нұсқаларының анықтамалары өзектендірілді;
-
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы (РҒП БМСО) сараптама жүргізу кестесін ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісе отырып әзірлейді;
-
Сынақтан өткізу, сапа мониторингі және қоғамдық талқылау рәсімдері нақтыланды;
-
Баспаішілік сараптама/тәуелсіз бағалау тәртіптері реттелді;
-
Баспалардың немесе оқу басылымын әзірлеушілердің сараптама процесіне араласуы анықталған жағдайда ұсынылған оқу басылымдары сараптама процесінен алынып тасталады;
-
Көрсетілетін қызметті беруші мен сарапшы арасындағы құпиялылық режимін сақтау, пәндік сараптама комиссиясының құрамын іріктеу жауапкершілігі арттырылды;
-
Сараптаманы республикалық бюджет және баспаның/әзірлеушінің өз қаражаты есебінен жүргізу аражігі сараланды.