«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Қылмыс пен жаза
26/08/2021
23 Views
Ағымдағы жылдың 23-29 тамызы аралығында біздің облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында белгіленген кестеге сәйкес, есепте тұрған сотты болғандармен профилактикалық мәні бар жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, олардың туыстары мен есепте тұрғандардың түзеліп, тезірек оң жолға түсулеріне ықпал ете алатын адамдармен де тиісті әңгімелер өткізілуде.
Қазіргі таңда біздің ауданымызда да осы жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соның аясында біздің есепте тұрған азаматтардың шын мәнінде де өздері көрсеткен мекен-жайларда тұратындары анықталды. Олардың ішінде тұрақты жұмыспен және өздерін-өздері жұмыспен қамтып, үй-іргелік учаскелерінде және өз аулаларында төрт түліктерді өсірумен айналысып жатқандары да бары расталды. Олармен арнайы кесте бойынша тәрбиелік мәні бар сұқбаттар жүргізіліп, жазаларын өтеулерінің ережелері мен қандай жағдай болмасын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеулері керектіліктері түсіндірілді.
Алдағы уақытта да біздің қызметтің есебінде тұратын азаматтар арасында осындай бағыттағы басқа да тиісті жұмыстар жүргізіле беретін болатын. Солардың арқасында пробациялық есепте тұратын азаматтар тезірек түзу жолға түсіп, қоғамның лайықты азаматтары болары анық.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты.
2021-08-26