ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МАҢЫЗДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
27/08/2021
17 Views
Сыбайлас жемқорлықпен және оған байланысты қылмыстардың, құқық бұзушылық, тәртіп бұзушылықтың алдын алудағы іс-шаралар ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті ПҚББ бастығы әділет полковнигі С.Диханбаевтың басшылығымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар жауапкершілігі төмендеген ортада пайда болады. Жемқорлықтың өріс алуына тұрмыстық мұқтаждық, тәжірибенің жеткіліксіздігі сияқты басқа да факторлардың ықпалын тигізуі мүмкін. Осындай теріс көріністерді болдырмау үшін Қалалық және аудандық Пробация қызметі бөлім (бөлімше) қызметкерлінің арасындағы тәрбие жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Бастысы – заң талабын бұзуға жол бермеу мақсатында әр бір жас қызметкерлерге тәжірибесі және біліктілігі мол қызметкерлерден тәлімгерлер бекітіледі.
Күн сайын жедел және аппараттық кеңестердегі қозғалатын әңгімелер барысында ОҚО бойынша ҚАЖД-нің ПҚББ бастығы ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сала қызметкерлерінің әр түрлі құқық бұзу жасағаны бойынша келіп түскен шолулар мен деректерді жеке құрамға жеткізіп отырады.
Заң бұзушылықтарға жол бергендердің мәселелері қатардағы және кіші құрам кеңесінде қаралып, тиісті шаралдар қабылданады. ОҚО бойынша ҚАЖД нұсқауына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес әрбір қызметкер сынақтан өткізіліп, жемқорлық, құқық бұзу және қылмысқа жол бермеуі ескертіледі.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты.
2021-08-27