Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын Жетісай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңесте аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов Жолдаудың негізгі 7 бағытын, ондағы тапсырмалармен таныстырып, жеке құрам арасында талқылады.
             Мемлекет басшысының Жолдауындағы алтыншы мәселе аясында құқық қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістерге тоқталды. «Жолдауда қылмысқа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Ең алдымен, бұл ішкі істер органдарының қызмет саласына қатысты. Бұл жерде алаяқтық, балаларға, әсіресе, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарсы жыныстық қылмыстар жайлы атап өтті.  Мемлекет басшысы болашақ ұрпақтардың әл-ауқатына қауіп төндіретін есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткілерді таратуды атады. Барлық құқық қорғау органдарына «бұл инфекцияның біздің азаматтарымыз арасында, әсіресе, жастар арасында таралуына күшті тосқауыл қою» тапсырылды.
           Осыған байланысты, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бейілді біздің бөлімшелеріміздің алдында үлкен жұмыс тұр. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті жалғастыру қажеттілігі атап өтілді. Мұнда өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері мен кадрлық аппараттардың жұмысын жандандыру қажет.
           Жоғарыда аталған барлық шаралар саяси жүйені жетілдіруге және адам құқықтарын қорғауға бағытталған елдің стратегиялық бағытының құрамдас бөлігі болып табылады» деді аудандық полиция бөлімінің басшысы.  Сонымен қатар, жиын барысында құқық қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістердің енгізілуінің нәтижесінде қылмыстық процеске қатысушыларды қорғауды күшейту үш буынды модель арқылы іске асырылып жатқанын, ағымдағы жылдың басынан бері екі мыңнан астам азаматтың қылмыстық орбитаға негізсіз тартылуына жол берілмегені атап өтілді. Учаскелік инспекторлардың мәртебесінің артып, ішкі істер органдары бірқатар бейінді емес функциялардан босатылғандығы бүгінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғандығы тілге тиек етілді.
           Жиын соңында Жолдауда айтылған тармақтарды іске асыру бағытында тиісті іс-шаралар атқару және әрбір полиция инспекторының танысуы, түсінуі қатаң тапсырылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...