Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӨЛҚҰЖАТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІК ҮШІН QR КОДПЕН ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ТӨЛҚҰЖАТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІК ҮШІН QR КОДПЕН ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

ТӨЛҚҰЖАТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІК ҮШІН QR КОДПЕН ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

          ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды.
          Бүгінгі таңда пилоттық режимде бұл мүмкіндікті Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады.
             «Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік. Мегаполистердегі QR төлемдер барлық сауда, мәдениет нысандары мен ойын-сауық мекемелерінде қолданылып жүр. Мемлекеттік қызмет көрсету саласына да біз осындай жаңа цифрлық мүмкіндіктерді енгізуге тырысып жатырмыз. Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезекке тұрмай-ақ құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлеу мүмкіндігі бар», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
           Жеті айдың ішінде қазақстандықтарға паспорттар мен жеке куәліктер беру бойынша 1 577 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды.
          Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің 662 қызмет түрі корпорацияарқылы көрсетіледі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...