«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
09/09/2021
48 Views
Биылғы жылдың 1 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында біздің республикамыздың аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында белгіленген кестеге сәйкес, есепте тұрған сотты болғандармен профилактикалық мәні бар тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың туыстары мен есепте тұрғандардың түзеліп, тезірек оң жолға түсулеріне ықпал ете алатын адамдармен де тиісті әңгімелер өткізілуде.
Осы жедел-профилактикалық іс-шара аясында біздің ауданымызда да мамандарымыз учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бізде есепте тұрған азаматтардың шын мәнінде де өздері көрсеткен мекен-жайларда тұратындары анықталды. Олардың ішінде тұрақты жұмыспен және өздерін-өздері жұмыспен қамтып, үй-іргелік учаскелерінде және өз аулаларында төрт түліктерді өсірумен айналысып жатқандары да бары расталды. Олармен арнайы кесте бойынша тәрбиелік мәні бар сұқбаттар жүргізіліп, жазаларын өтеулерінің ережелері мен қандай жағдай болмасын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеулері керектіліктері түсіндірілді.
Келешекте де біздің қызметтің есебінде тұратын азаматтардың арасында осындай бағыттағы басқа да тиісті жұмыстар жүргізіле береді. Сол жұмыстардың нәтижесінде пробациялық есепте тұратын азаматтар тезірек түзу жолға түсіп, қоғамымыздың лайықты азаматтары айналары анық.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты.
2021-09-09