Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

          Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың сақталуына айрықша мән беріп келе жатқан Қазақстан елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңыздылығын өзге де елдерге дәлелдеп берді.
        Жүргізілген мемлекеттік саясаттағы елдік ұстанымға сай, қазақ жерін мекен еткен барлық этностар арасында достық қатынас орнатылып, олардың ауызбіршілікте өмір сүрулеріне және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауына барынша жағдай жасалған. Осыған орай облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2021 жылға арналған ведомствоаралық модельдік жоспарына» сәйкес Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округінің С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан «С.Сейфуллин» атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналармен алқалы жиын болып өтті.
          Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Мұхтар Әлжанов пен Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының инспекторлары, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен ауылдық округ әкімі Сұлтан Қасымов, Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы басшысы Азамат Мұсырманқұлов, аудандық мәслихат депутаты, «С.Сейфуллин» жалпы орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғазиза Шүкірбаева қатысты.
        «Татулықты тұрақтандыру бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан. Бұл қазақстандық үлгінің астарында «алуан түрлілік арқылы тұтастыққа» деген халқымызды біртұтастыққа шақырушы ұстаным жатыр» деген аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков елдегі бірлік пен татулықты сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
         Сонымен қатар, аудан прокуратурасының прокуроры Мұхтар Әлжанов Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының аға инспекторы Ерғали Байменов кәмелетке толмағандар мен соларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала еңбегін заңсыз қанау, суицид пен жыныстық тиіспеушілік, кәсіпкерлікпен айналысатын ата-аналарға темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы,  сонымен қатар, елдегі карантиндік ахуалға байланысты енгізілген шектеулер жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
          «Тәртіп пен талап, заң бәрімізге ортақ. Оны бұзуға ешкімнің құқы жоқ. Сондықтан, Сіз бен Біз перзенттеріміздің болашағы үшін ешнәрседен аянып қалмауымыз керек. Перзенттеріміздің жарқын болашағын бүгіннен бастап қалыптастыруымыз керек. Тәртіпті сақтаңыздар. Біз жасөспірімдерге қатысты профилактикалық жұмыстарымызды жылдың басынан бері жүргізіп келеміз, жалғастыра беретін боламыз» дейді Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының аға инспекторы Ерғали Байменов.
         Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...