Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының бастамасымен аудан аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынып отыр.
Бүгінгі күні аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді.
Аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланып, жетісайлықтар белсенділік танытты.
«Күн жылынғаннан бастау алатын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл дегеніміз – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде аудан аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа алдағы уақыттарда аудан аумағына түрлі көшеттерді отырғызып, жасыл аймаққа айналдыратын боламыз» дейді аудан басшысы.
Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да тартылатындығын айтады
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.