Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙДЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРЫ САНАҚҚА ОНЛАЙН ТІРКЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖЕТІСАЙДЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРЫ САНАҚҚА ОНЛАЙН ТІРКЕЛДІ

ЖЕТІСАЙДЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРЫ САНАҚҚА ОНЛАЙН ТІРКЕЛДІ

         Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетіп, шаңырақтың шаттығы мен ұйытқысына айналған ақ жаулықты аналарымыздың мәртебесі қай заманда болмасын биік бағаланатыны белгілі. Алланың берген жасын жасап, мейілінше адал еңбек етіп қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген нәзік жандылар аз емес. Бала тәрбиесі мен қоғамдық еңбектерден де тасада қалмаған сондай аналардың бірі – Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны Забира Смаилова. Ауылдық округ мамандарының көмегімен Забира әжейдің әулеті халық санағына онлайн тіркелді.
          «Жасы үлкенді қаділесе құт болар, Қадірлі кісі қартаймас» деп ұлы ғұламалар өсиет етіп келер ұрпаққа қалдырғандай жақсылықты жанымен қолдап, өнегелі іске сергектік пен ден қойып отырған 101 жастағы Забиоа Смаилова әжей бүгінде ауыл тұрғындарының тұтастық өмірінің өзекті мәніне айналған. «Ауылыңда кімің бар?» дегенде Ж.Ералиев ауылдық округі көнекөз қарттарын, әсіресе, бәйтерек сынды бетке ұстар Забира әжені үлкен-кіші марқайып, мақтан етеді. 1920 жылы дүние есігін ашып ашаршылық пен жоқшылықты, екінші Дүниежүзілік соғысты басынан өткізген кейуана 9 перзенттің анасы. Белі қатып, бұғанасы бекімей жатып тың игеруге қатысып, кейіннен екінші дүниежүзілік соғыста қан майдандағы жауынгерлерге қолынан келгенше көмек берген Забира әжей соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған ауылдарды қалпына келтіру ісіне атсалысқан. Қолына кетпен алып шабық шауып, масақ терген. Диірменде ұн өткізіп, мал да баққан. Адал еңбегінің арқасында елдің құрметіне бөленіп, кеңес дәуірінде өмір бойы колхозда қарапайым жұмысшы болып, белі талмай еңбек еткен қарияның өмір жолы көпке үлгі боларлықтай. Бүгінде 101 жасқа келген қарт ана елде жақсылықтың толастамауын тілейді.
       «Осындай тоқшылықта, бейбіт елде өмір сүріп жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар ғой. Оқ пен оттың қатері жоқ. Сондықтан, қолда бар құндылықтарды бағалай білу керек. Кезінде аш та болдық, жәутеңдеп үреймен өмір сүрдік. Бүгін міне, өз еркіміз өзімізде. Тәуелсіз елміз. Барымызға қанағат жасап, болашаққа жақсы үміттермен өмір сүре білейік. Қашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген Забира әжей елдегі болып жатқан жағымды жаңалықтардан да хабардар екенін білдіріп, елді ынтымақ-бірлікке шақырды.
     Күн сайын жасанып, жаңғырған алтын арайлы кең байтақ отанымызда тату-тәтті өмір кешіп, бақыттың қызығына бөленген қаншама шаттығы шалқыған әулеттердің бірінде ғұмыр кешіп жатқан Забира әжейдің қадірлі, қазыналы тәлімі кейінгі буынға әрқашан үлгі-өнеге болып қала берері сөзсіз.
           Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде құрсағына біткен 9 перзенттен тараған 40 немере мен 120 шөберенің үлкен әулетке айналғанын айтуға болады. Кезінде қолымен канал қазып, жер жыртып, мақта терген, түйекеш те болған әжейдің үлкен ұлы Төлеген Смаиловтың өзі бүгінде 70-тен асқан. Мемлекеттік есеп – халық санағының жүргізілуін дұрыс деп біледі. Өз отбасымен белсене қатысып отыр.
         «Санақтың жүргізілуі өзіміз үшін маңызды. Өйткені, осы санақ арқылы бәріміздің есебіміз жүргізіледі. Жалпымемлекеттік есепке алынған соң біздің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайымызға, өсімімізге қарап мектеп, балабақша, аурухана, үй салады. Оның игілігін өзіміздің перзенттеріміз, халқымыз көреді» дейді Төлеген Әбдіқадірұлы.
          Бүгінде Жетісай ауданында жасы 100-ден асып, ғасырды ғасырға жалғаған 6 қария тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і қарт әжелер болса, 1-і ақсақал қария. Бәрі де тыл ардагері. Маңдай терімен шөл даланы гүлдендірген ұзақ жасаушылар жергілікті жердегі әкімдіктер арқылы жалпымемлекеттік санақтан онлайн өтіп отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...