Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙЛЫҚ АЗАМАТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕП, КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ АЗАМАТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕП, КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР

ЖЕТІСАЙЛЫҚ АЗАМАТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕП, КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР

          Орта және шағын бизнесті дамыту – елдегі жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылатындықтан кәсіпкерлік қарқын алған жерде ғана экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады.
          Ал, рынокты тұтынушыларға қажетті, сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрғыда елдің ахуалының жақсаруына алып келеді.  Әлемдік деңгейде орын алған эпидахуал кейбір кәсіпкерлердің ісіне кері әсер етсе, енді біреулеріне жаңа жобаларды жүзеге асыруына ықпал етті.
           Карантинде қарап жатпай ауыл шаруашылығы саласындағы білімін бизнеспен ұштастырған жандардың бірі Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қозыбай Әшеков. Қарапайым ауыл агрономы ұлы Алтаймен бірге қазіргі таңда пластикалық қалдықтардан (босаған баклашкалардан) мақта теретін комбайндарға аса қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1мм болатын жіп шығарып жатыр.
            Бұған дейін аталмыш щетканы көршілес Өзбекстан елінен тапсырыспен алып келген комбайн жүргізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнімнің сапасының жоғары, бағасының арзан екендігін айтады. Бір комбайнға 96 дана кететін бір маусымға жарамды өзбексьандық щетканың әрбір данасы базар нарығында 4 мың теңге болса, Қозыбай Әшековтың қолынан шыққан екі маусымға жарамды өнімнің бағасы соның тең жартысы, яғни, 2 мың теңге тұрады. Осылайша отбасылық бизнесті дамытып отырған Қозыбай Әбдірашимұлы қолынан іс келетін ауылдың тағы бір тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Қолдағы барымен кәсіп ашқан азамат алдағы уақытта мемлекеттік қолдаумен несие алуға ниетті.
          «Мемлекетіміздің жүйелі саясатының нәтижесінде жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп келеді. Біз де сол бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген пайызбен несие алуды, алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтсек, өнім көлемін арттырсақ деген жоспардамыз» дейді Қозыбай Әшеков.
         Бүгінде қол күшімен ғана жұмыс жүргізіп отырған азаматтар күніне 25 данаға дейін шпиндельді щетка жасап жатыр. Өткен жылы 28, биыл 40-қа тарта комбайнға өнім дайындаған азаматтар тапсырыстың күн санап артып отырғанын айтады.
         Айта кетейік, Қозыбай Әшековтың отбасы шпиндельді щетка шығарумен ғана емес, сонымен қатар, жылы жай, бау-бақша өсіру ісін де дұрыс жолға қойған. Бүгінде ауылдың 60 пайызын жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етіп келеді.
          Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр. Бұл елдегі жұмыссыздықты жоюға оң әсері етері сөзсіз екені анық.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...