Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАСЫН ҒҰМЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАСЫН ҒҰМЫР

ЖАСЫН ҒҰМЫР

         Қазақстандық шекарашылардың тәжік-ауған шекарасын тастап шыққандарына да үстіміздегі жылы тұп-тура 20 жыл толды. Иә, уақыт та аунап аққан өзен секілді. Өзінің долы мінезіне салып, жолындағысын қақпақылға салып ала жөнеледі. Осыдан 20 жыл бұрын жат елдің шекарасында болған шекарашы сарбаздар бүгінде 40-тың қамалын бұзып үлгерді. Ал… осыдан 27 жыл бұрын небәрі 19 жас та болған шекарашы Раджан Батырқанов ше? 
        Тәуелсіз еліміздің кеудесіне ең үлкен марапат «Халық қаһарманын» таққан батырларымыз саусақтан санарлық емес екені көңілге өлшеусіз қуаныш құяды. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының жауынгерлері де, бейбіт күннің батырлары да бар. Ал тәжік-ауған шекарасында болған қарулы қақтығыс кезінде өзінің командирін, қаруластарын аман алып қалу үшін жаудың оғын өзіне бұрып, өшпес ерліктің үлгісін жасаған шекарашыны Тәуелсі еліміздің қаһарманына баласақ, бұл – ертеңімізге балаған жас ұрпақтарды отаншылдық рухқа тәрбиелеудің таптырмайтын үлгісі емес пе?
       Алтайдың ақиық таланты Оралхан Бөкей арқылы қазақтың қалың жұртшылығы ғана емес, әлем Шығыс Қазақстанның Қатон Қарағайы туралы білетін. Енді Раджан арқылы таныла түсті. Раджандай батыр ұлдың кіндік қаны дәл осынау жұмақтан кем емес өңірде тамғаны үшін…
       Тағы да… батыр шекарашы туралы осыған дейін аз жазылған жоқ. Тіпті алдағы уақытта ол жайында деректі фильм түсірілуі де ғажап емес. Өйткені «Халық қаһарманы» атануға лайық ерлік жасап, ер мінезді қазақ халқының ұрпағы екенін танытқан Раджан кез келген құрметке лайық тұлға!
        Сонымен, Раджан туралы осыған дейін аз жазылған жоқ дедік. Сонда да тағы бір рет қайталағанды жөн көрдік. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың құлағына құя беру үшін.
        Сөйтіп, Раджан. Әскер қатарына алынып, шекарашы атанғанға дейін мектепте жақсы оқыды. Жас жігіттің сүйіп жасайтын екі хоббиі болса, оның бірі – сурет салу да, екіншісі – кітап оқу. Ауыл балаларының арасында арагідік болып қалатын төбелестен бойын аулақ салатын. Бірақ өзін ешкімге басындырмайтын. Есесіне, өзінің досын ғана емес, кез келген адамды қиындықтан құтқаруға дайын тұрар еді.
       Ол шекаралық аймақта туғандықтан да, өзін шекарашылардың қатарынан көргісі келгені хақ. Бұл үшін тіпті мектептен кейін шеекарашылардың әскери оқу орнын таңдайды. Бірақ тағдырдың бұйрығы солай болды ма.., араға келіп киліккен келеңсіз оқиға Раджанның Алматыға кешігіп келуіне әкеліп соғады. Ал бұл кезде қазіргі Шекара академиясына құжат қабылдау бітіп кеткен болатын.
        Сөйтіп, келесі жылдың көктемінде әскерге қатарына шақырылған ол шекарашылар сапына қабылданады. Бұл дегеніміз, Раджанның «шекарашы боламын» деген арманына біртіндеп болса да жақындап келе жатқанын көрсетіп тұр еді.
        … Айтпақшы, осыдан талай жылдар бұрын бір офицерден кең отырып сұхбаттасқаным бар еді. Бұл өзінің ел шебіндегі саналы ғұмырын 1994 жылдың көктемінде бастаған аға буын сардар болатын. Тағы бір қызығы,  Өскемендегі жоғары оқу орнын бітіре салып, өзінің мамандығына сай, Шекара қызметіне алынған офицер Күршім шекара отрядының ауласына кіре салып, осы жерден тәжік-ауған шекарасына іріктелген взводтың командирі болып тағайындалады. Сосын өзінің қарамағына бекітілген сарбаздарды жат елдің аумағындағы «ыстық нүктеге» дайындауға кірісіп кетеді.
          Сондағы сардардың естелігінен: «…Ал өзім дайындаған сарбаздардың арасында Раджан Батырханов та бар болатын. Бұл кезде ол өзінің азаматтық борышын Күршім шекара отрядының «Шындығатай» шекара заставасында өтеп жүрген. Уақыты келіп, тәжік-ауған шекарасына аттанған взводтың құрамында Раджан жоқ еді… Себебі… Тағы да сол тағдырдың бұйрығы болар, ол белгілі себеппен кейінге қалдырылады…
          Ал менің жадымда  Раджан – түр-сымбаты келіскен, жігерлі жігіт ретінде сақталып қалды. Менің қателеспегенімді бізден кейін жасақталған взводтың құрамында болған кезінде өзінің ерлігімен дәлелдеді. Өкінішке орай, бұл – Раджанның бірінші әрі соңғы ерлігі болатын…»
          … Сол күні Хаким бандасының қаруланған 200 содыры Висхарв шатқалындағы 5 және 6-шы шекара заставаларының түйіскен аумағына басып кірмек болды.
         «Ұрысқа!» пәрменімен көтерілген шекара заставасының бастығы колоннаны тоқтатуға өзінің орынбасары, лейтенант Владимир Селюкті жіберді. Алайда, олар офицердің өзіне тап беріп, кепілге алды. Сөйтіп, колоннаның одан әрі кедергісіз жүруін талап етті.
            Шекара заставасының бастығы офицерін құтқарып, қыстақтағы (шекара заставасы қыстақтың шет жағында орналасқан) кінәсіз адамдардың өліміне жол бермес үшін қарсы тараптың талабына келісті. Бұл үшін содырлар лейтенантты босатты.
               … Ізге түсуді лейтенант Селюк бастаған шекарашылар тобы жүргізді. Оның құрамына біздің Раджан кірген шекарашылар да болатын.
         Қарсыластар «Висхарв» шекара постынан ұзап кете алған жоқ еді.
         Қасында кіші сержант бар Р.Батырқанов бар лейтенант В.Селюк содарларға қаруларын тастап, берілуді талап етті. Бұл кезде шекара бұзбақ болғандарды қалған шекарашылар нысанаға алып тұр еді. Бірақ, содырлар мұны ойлағысы да келмеді. Атыс басталып кетті.
             Хакімнің бандыларымен ең алдымен қатардағы жауынгер Большаков пен сержант Ахметов бетпе-бет кездесті. Табиғатынан күшті Большаков бірден қолма-қол ұрысқа кіріскен бойы қарсыласының есін жинауға мүмкіндік бермей, содырдың қолындағы автоматын жұлып алды, ал ол қорыққанынан қаша жөнелді. Ал ойнақы әрі епті Ахметов бір моджахедті дәл көздеп тұрып атып түсірді де, шепті басып алды. Көп ұзамай,  төбеге Федоровтың тобындағы қалған жауынгерлер келіп үлгерді де, ал Джуманың бандылары шепті тастап, қашып кетті. Алексей Федоров боевиктер мінген көліктердің бірі (кейіннен белгілі болғандай, мұнда Хакім болған) көпірден өте салып, жылдамдығын арттырған күйі көзден таса болғанын, ал оның артынан қалғандары көпірге шыққанын көрді.
            Бұл кезде төменде кіші сержант Батырқанов бетон жол қоршауының артында қарсыластарға қарата оқ жаудырып жатқан болатын. Ол бір топ содырдың біздің шекарашылар бекінген төбені айналып өтіп, тыл жағынан кіруге тырысып жатқанын байқады. Сол-ақ екен, өзінің автоматынан оқ жаудырған Раджан бірден бес содырды жер жастандыру арқылы жаудың жолын бөгеп тастады. Ашуға булыққан содырлар енді қарудың барлық түрінен Раджанның жатқан жерін төмпештеуге кірісті. Осы кезде шекарашы аяғынан жараланып, көп қан жоғалтып еді…
                Осы қақтығысқа қатысқандардың айтуынша, дәл осы кіші сержант Батырқанов шайқастың сәтті өтуіне ықпал етті. Ол болмаса, біздің тараптың жеңіске жетуі неғайбіл еді. Лейтенант Селюктің тобы қарақшылардың қос қапталдан жасаған шабуылына тойтарыс бере алмас еді. 20-25 минуттан кейін жеткен резервтің өзі тұзаққа түспесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
          Бүгінде батыр шекарашы білім алған ауылдағы жалпы білім мектебі Раджан Батырқановтың есімімен аталады. Оның есімі Қатон Қарағайдың көшесіне берілген. Раджан Батырқановтың есімін еншілеген шекара бөлімшесінде де жасыл күнқағарлы шекарашы болуды мәртебе санайтын шекарашылар қызмет атқарады.
        Осыдан кейін шекарашы Р.Батырқанов Тәуелсіз Қазақстанның батырлары қатарынан ойып тұрып орын алуына әбден хақ дер едік.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
 ҰҚК Шекара қызметінің
запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...