БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ РЕЙД БОЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
24/09/2021
53 Views
Түркістан облыстық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Жетісай аудандық прокуратурасы мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің, Түркістан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының Жетісай ауданаралық жеке сот орындаушыларының ұйымдастыруымен «Алимент» бағыты бойынша автокөлік жүргізушілеріне арнайы рейд ұйымдастырылды. Мақсат – алимент берешегі бар жүргізушілерді анықтап, олардың автокөліктерін айып тұрақжайларына қою, алимент берешектерін өндіру, заңдылықтардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры, екінші сыныпты заңгер Жалғас Амантайдың айтуы бойынша жыл басынан бері 2841 балаға қатысты 1995 атқару ісі өндіріске енгізілген болса, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 3000 балаға қатысты 2100 атқару ісі болған. Сумма көлемі де 30 млн теңгеден 21 млн теңгеге төмендеген.
Алимент төлеуден жалтарып, бой тасалап қашып жүрген 22 борышкердің үстінен Жетісай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен ҚРӘҚБтК-нің 669 бабының 1, 3 тармақтары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамаққа алынса, 1 борышкерге қатысты қылмыстық іс аудандық сотта қаралуда.
Тұрақты жұмысы болмауының салдарынан алимент берешегін уақытылы төлей алмай жүрген 67 борышкер аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 67 борышкер тұрақты және ақылы қоғамдық жұмысқа орналасқан.
«Алимент берешегі бар екенін білсе де қасақана төлемей, бойтасалап қашып жүрген борышкерлердің мүлкінен, І және ІІ деңгейлі банктердегі есепшоттарын бұғаттау арқылы өндіру жолдары қарастырылған. Оларды әкімшілік, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тарту жолдары қолға алынып отыр. Бұл бағыттағы рейдтік тексерулер мен профилактикалық шаралар жалғасын таба беретін болады» дейді шараны ұйымдастырушылар.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2021-09-24