Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

             Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы облысында 10 млн АҚШ доллары шамасында отандық алғашқы газ және аралас пеш өнімдері зауыты іске қосылды. Зауыт болашақта жылына 150 мың дана пеш шығарып, 200 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
           Алматы Тұрмыстық тезникалар зауытының көлемі 120 000 шаршы метрге тең. Оның 8000 шаршы метрі өндіріс аймағына арналған. Зауыт ғимаратының жанында жеке темір жол тораптары мен уақытша жүк сақтау қоймалары, кедендік бақылау бекеті орналасқан. Сондай-ақ,  табиғи газ, ауыз су, кәріз жүйесі, желдету және кондиционер сияқты инженерлік желілермен қамтамасыз етілген.
Өндіріс үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда – газ және аралас пештерді құрастыру цехы, екінші сатыда – пресс-штамптау және лакты бояу цехтары. Үшінші сатыда – қаптама пенопластасын өндіру цехы.
Әр цех 1000 шаршы метр аймақта орналасқан. Бояу цехы, пресс-штамптау цехы, уақытша сақтау қоймасы, қаптама пенопласт өндіру цехы, қосалқы бөлшектер қоймасы, дайын өнім қоймасы, өнімді құрастыру бөлімі және өнімді қаптау бөлімі де бар.
           Қазір зауытта жылына 60 мың дана газ және аралас пештерін шығарып жатыр. Қызметкерлер саны әзірге 70 адаммен шектелген. Бірақ келесі жылы өндіріс қуатын жылына 150 мың данаға дейін арттырып, 200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланған.
«Алматы Тұрмыстық техника зауыты» 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап салық преференцияларын ұсыну бойынша инвестициялық келісімшартымен жұмыс істейді. Соның нәтижесінде компания мемлекеттің қолдауымен шет елдерден келетің импортты технологиялық жабдықтармен, шикізат және қосалқы бөлшектерге төленетін кедендік БАЖ салығынан босатылды. Мемлекет тарапынан қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ел ішінде және шет елдерде оқуға кеткен шығындарды, өндірісті дамытуға, шетелдік мамандарды тартуға жұмсалған шығындарын өтеуге көмек көрсетіліп жатыр.
«Алматы Тұрмыстық техника заводының» өнімдері “Dauscher” брендімен бүкіл Қазақстан бойынша ірі сауда желілері арқылы сатылады. Sulpak, Technodom, Mechta, Evrika сияқты тұрмыстық техниканы сату бойынша ірі көшбасшылармен серіктес.
         «Алматы Тұрмыстық техника зауытында» шығарылатын өнімдер Қазақстанның 40 қаласындағы 360-тан астам сауда орындарында сатылымға шығарылады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...