Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҒАЛАМДЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ҒАЛАМДЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ҒАЛАМДЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

          Халықаралық сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа байланысты әлем елдеріндегі 2020 жылдың қорытындысын сараптай отырып, көңіл көншітерлік нәтиже жоқтығын мәлімдеді. Өткен жылы ұрыс қимылдары мен қоғамдық тәртіпсіздіктер көп орын алған елдерді айтпағанның өзінде, дамыған және дамушы елдердің өзінде COVID-19 індетіне қарсы ем-дом жұмыстарын жүргізу кезінде көптеген сыбайластық деректері орын алғанын мәлімдеді. Бұған қоса 2010 жылмен салыстырғанда бұл «қоғамдық індетпен» күрес әлем бойынша тек 50 пунктке ғана көтеріліпті. Бұл әрине, айтарлықтай нәтиже емес. 2021 жылда да жағдай оңғарылады деп айту қиын болып тұр. Ауғанстан үкіметінің Талибан қозғалысына тез жеңілуіне кейбір сарапшылар бұл елде сыбайлас жемқорлықтың кең өршуінен болды деп  есептеуде.
             Біздің мемлекетімізге келетін болсақ, елімізде Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап-ақ, басқа  мемлекеттер сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптер айқындалып, соған байланысты құқық бұзушылықтың түрлерi мен міндеттемелік шарттары белгіленіп, оның алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, оның зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту жайлары пысықталды. Яғни, елімізде қабылданған сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Сол талай жылғы жұмыстардың нәтижесінде еліміз 2020 жылы осы індетке қарсы әлемдік күрес индексі бойынша 11 орынға жоғарылап отыр. Бұл жоғары нәтиже. Енді осы бағытта жұмыстарды одан әрі жандандыра беруіміз қажет.
           Мемлекетіміздің басшысы Қ.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарға қатысты 2019 жылдың 20 мамырында өткізген кеңейтілген жиналыста,  қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткен болатын. Сол кеңейтілген мәжілісте көтерілген өзекті мәселені түпкілікті шешу мақсатында, бүгінгі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
           Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып,  жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осы індетке қарсы тиісті шара қолданудың ең тиімді тәсілі – азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Сондықтан да ел азаматтары сондай қатерлі деректерді байқай қалса бірден тиісті орындарға хабарлап, оның орын алуына мүмкіндік бермеуі қажет. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізіп, бұл індетті толықтай құрықтай аламыз.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...