2021 жылдың 15 қазанында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы сирек кездесетін жыртқыш құстардың өзекті мәселелері» атты онлайн кеңес өтеді.
Онлайн кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, экологиялық ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтардың сарапшылары және дроф- дуадақтарды өсіру орталығының қызметкерлері қатысады.
Іс-шара барысында қатысушылар электр тогын беру желілерінде, жел электр станцияларында құстардың электр тогымен зақымдануынан жиі қырылуын, контрабанда және сұңқар-ителгі популяциясын қалпына келтіру мәселелерін талқылайды.
Мамандардың бағалауы бойынша жыл сайын Қазақстанда жоғары вольтты электр тогын беру желілерінде 50 мыңнан астам жыртқыш құс қырылады, бұл олардың таралымының азаюына жол ашады.
Сонымен қатар, республикада жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кетті. Жыл сайын табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары жабайы құстардың контрабандасы бойынша фактілерді тіркейді. Заңсыз әкетудің салдары Қазақстанның Қызыл кітабындағы құстар популяциясының азаюына алып келеді.
Іс-шараның өтетін күні: 2021 жылдың 15 қазаны, басталуы сағат 09:30 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
ZOOM жиналысына сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/2145222089?pwd=ZUxmZGZRTGFMZ0FrbzFwcHVGT1ZCdz09