Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Рухани келісім күні» аясында арнайы іс-шара болып өтті. Шараға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев, аудан мешіттерінің имамдары қатысты.
Басқосу барысында аудандағы діни тұрақтылық пен ұлтаралық татулық, теріс ағымдарға қарсы күрес, ұрпақ тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
«Біз, жергілікті әкімдік пен ҚМДБ қарасты мешіттермен бірігіп тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық жанжалдарды болдырмауға бар күшімізді салып келеміз. Жер-жерлерде теріс ағым, діни сауатсыздық, саяси тұрақтылық тақырыптарында кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл жұмыстарда дін саласы өкілдерінің рөлі ерекше» деген аудан әкімі діни тұрақтылықты сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген дін қызметкерлерінің дендеріне саулық тілеп, айтулы мерекемен құттықтады.
Шара барысында ел арасында еткен еңбектеріне қарай құрметке бөленіп жүрген бірқатар имамдар аудан әкімі Мұрат Қадырбектің алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
«Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқарып жатқан, жаһандық пандемия кезінде де халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сабырлыққа шақыра білген дін қызметкерлерінің еңбегін ескеріп отырған аудан әкіміне алғысымызды білдіреміз» дейді ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.