Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙДЫҢ ӘКІМІ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫН АРАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙДЫҢ ӘКІМІ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫН АРАЛАДЫ

ЖЕТІСАЙДЫҢ ӘКІМІ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫН АРАЛАДЫ

              Негізгі күн көрісі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы аграрлы секторға тікелей байланысты Жетісай ауданының шаруа-дихандары үшін күн көзінің әрбір сәтін тиімді пайдалану аса маңызды. Ерте көктемнен басталатын еңбек еш кетпеуі үшін жиын-терім науқанындағы өнім бағасының жоғары болуы, қырманның берекелі болуы да көптің тілеуі.
             Осыған орай, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек аудандағы мақта  зауыттарын аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың, зауыттардың материалдық техникалық базаларымен танысты. Шитті мақта бағасының тұрақтылығына көз жеткізіп, шаруалармен жүздесті.
            Бүгінде ауданында 7 мақта зауыты мен 80-ге жуық мақта қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр. Аудандағы шит себілген 44 мың гектар алқаптың 41 мың гектарынан бірінші терімнің өзінде 95 мың тонна өнім жиналған. 8 мың гектар алқапта екінші терім науқаны жүріп жатыр. Өнім көлемі де жылдағыдан төмен емес, шаруалар гектарынан орта есеппен 23 центнерден өнім алып отыр. Ала жаздай еткен еңбек пен төккен тердің өтемі ретінде биылғы мақта бағасы өткен жылғымен салыстырғанда екі есе жоғары.
           Аудан басшысы мақта зауыттарының жұмыстарымен танысуы барысында Асықата кентіндегі «Ақ Алтын» мақта зауытына қарасты «Ақ май» шағын цехында да болды. Мақта шитін қайта өңдеу арқылы жоғары сапалы мақта майын шығаратын технологиялық процес пен дайын өнім түрлерімен танысты. Тауар сапасы мен дайын өнім сапасын өткізу рыногындағы бәсекелестіктер жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, «Ақ Алтын – Береке» ЖШС ақ май өндіруден бөлек канадалық мүйізді ірі қара өсірумен, сүт өнімдерін терең өңдеу ісімен де айналысады. Жергілікті тұрғындардан 265 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Ақ Алтын» мақта зауыты жылына 80 мың тонна тұқымдық шит дайындап, ТМД елдеріне экспорттайды.
              Мәлімет үшін айта кетейік, 78 мың гектардан астам суармалы жері бар Жетісай ауданында 44 мың гектарға шитті мақта тұқымы себілсе, 21 мың гектарына бақша, 3 мың гектарына көкөніс, 10 мың гектардан астам алқапқа мал азықты дақылдар – жоңышқа, дәндік және сүрлемдік жүгері егілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...