ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨП
Posted by: Қалмұрат
in Ауыл шаруашылығы, Экономика
22/10/2021
74 Views
Түркістан облыстық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Жансерік Жұман Мақтаарал ауданына жасаған іс-сапары барысында тек жастармен кездесіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласының жұмыстарымен де танысты. Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «COTTON» мақта зауытында жергілікті шаруалармен, зауыт қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бүгінде 20 мың тонна мақта қабылдап үлгерген зауыттың ішін аралап көрді.
Мақсат – аграрлы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіпкерлікке жасалып жатқан мемлекеттік қолдауларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қабылданған бағдарламадан құлағдар ету болатын.
«Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын ауданда да аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Өнім көлемі артып, суармалы жердің игерілуі, каналдардың тазалануы, зәулім ғимараттар мен заманауи мектептердің бой көтеруі – бәрі де ел үшін жасалып жатқан игіліктер» деді Жансерік Жұман кездесу барысында. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досым Асабаев пен Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сүндет Кенжебаев халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту үшін Мақтаарал ауданының шекара маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдалана отырып «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасауға, аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға, 5 жылда жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал етуді жоспарлап отырғандығын жеткізді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ға төмендетуге, орташа айлық жалақы 187 мың теңгеге жеткізіледі деп күтілуде.
Кездесу соңында қонақтар зауытқа қарасты 1,5 гектар жылыжайға егілген лимон алқабында болып, мақтааралдық өнімнің дәмін татты.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Мақтаарал ауданы.
2021-10-22