«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» (IAAR) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГТЕРІМЕН АЙНАЛЫСПАУЫ ТИІС – СЕРГЕЙ ПЕН
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Жаңалықтар
26/10/2021
16 Views
«Аккредиттеу және рейтинг тәуелсізагенттігі» (IAAR) білім беру ұйымдарының рейтингтерімен айналыспауы тиіс. Бұл туралы Академиялық адалдық лигасы жалпы жиналысының төрағасы Сергей Пен онлайн-талқылау барысында мәлімдеді.
Шара барысында модератор спикерге Академиялық адалдық лигасының өз рейтингін дайындау туралы сұрақ қойды. Алайда Сергей Пен ЖОО-лардың рейтингін жасаумен университеттерге қатысы жоқ субъект айналысуы керек деген жауап қатты. Сондай-ақ, төраға «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (IAAR) неліктен білім беру ұйымдарының рейтингін жасаумен айналыспауы тиіс екенін атап өтті.
«Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (IAAR) мұндай рейтингтің жасалуынаараласпауы керек. Сіздер операциялық шығындарды ашу туралы айтып отырсыздар, бірақ біз бұл рейтингтіңдайындалуында агенттіктің қаржылық мүддесі бар деп есептейміз. Егер сіздердің әдістемелеріңізге көз жүгіртетін болсақ, онда деректердің 90%-ын университеттің өзі беретінін байқауға болады.Ал сіздер ол деректердің шынайылығын заңды түрде тексере алмайсыздар. Агенттікте оларды салыстыру үшін барлық мемлекеттік мәліметтер базасына кіруге әкімшілік рұқсат жоқ» – деді Сергей Пен.
Спикер Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарының рейтингін ұйымдастыруға арналған әдістемені әзірлеуге әрқашан дайын екенін жеткізді.
«Академиялық адалдық лигасы рейтингті өзі ұйымдастырмауы керек. Бірақ біз әдістемесін әзірлеп, оны сараптамадан өткізуге әрі сіздерге ұсынуға дайынбыз. Айта кетерлігі, оны іске асырушы ұйым университеттерге тәуелді емес субъект болуы керек. Сондықтан,егер Олжас Ордабаев «Атамекен» ҚР ҰКП атынан тек білім беру бағдарламалары бойынша рейтингтерді ұйымдастырушы ғана емес, сондай-ақ National Student Survey сынды ұлттық сауалнамалар операторының рөлін атқаруға келіссе, онда біз шын ниетпен барлық құралдарды әзірлеуге дайынбыз. Себебі бұл жұмыстың ашық жүргізілуіне мүмкіндік береді. Біз әдістемешынайы, объективті және манипуляцияларға төтеп бере алатындай болуын қалаймыз» – деп толықтырды Сергей Пен.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.
2021-10-26