Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

         ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қызметкерлері электрондық үкіметтің 50-ге жуық осалдығын жедел анықтап, жойды. Бұл туралы 10-нан астам елдің киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілерінің  Bug Bounty ұлттық платформасын іске қосу қорытындылары бойынша белгілі болды.
           Бүгінгі таңда «ҰАТ» АҚ-да ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі заманауи құралдары енгізілді және қолданылады, оның ішінде 24/7 режимінде кибершабуылдардан сенімді қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар санының өсуі ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қорғалуы мен тұрақтылығынына қойылатын талаптардың артуымен қатар жүреді.
          Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ сервистер мен қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұттық бағдарламасы –  Bug Bounty бағдарламасына қосылды. Бұл жүйе электрондық үкімет ресурстарының киберқауіпсіздігін қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
          «Күн сайын мыңдаған ақпараттық жүйелер, соның ішінде мемлекеттік органдар хакерлердің шабуылына ұшырайды. Біз үшін электрондық үкімет деректерін қауіпсіз сақтау және қорғауды қамтамасыз ету маңызды. Ынтымақтастықтың арқасында біз жүйелеріміздің қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып қана қоймай, өз ресурстарымызды үнемдейміз»,- деп атап өтті деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
         Айта кету керек, өткен жылдың желтоқсан айында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мұсин мемлекеттік органдарға арналған Bug Bounty бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады. Сол кезде жабық тестілеу аясында зерттеушілерден ғаламтордың қазақстандық сегменттің басым бөлігіне әсер етуі мүмкін маңызды осалдықтар анықталды.
           «Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, ірі IT-компаниялардың Bug Bounty бағдарламаларына қосылуы компанияның киберқауіпсіздікке мән беріп, оны өз тұтынушылары үшін ашық екендігін көрсетеді. «ҰАТ» АҚ мемлекеттік сектордан бірінші болып ұлттық Bug Bounty бағдарламасына қосылды, біз бұл шешіміне қуаныштымыз және қолдаймыз, өйткені бұл ақпараттық жүйелерді қорғауға деген көзқарастың жетілдігін көрсетеді»,-деп «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ  Президенті Олжас Сатиев бөлісті.
Анықтама үшін: 
          Bug Bounty –бұл компания сыйақы алу үшін бағдарламалық жасақтаманы осалдықтарды тексеру үшін үшінші тарап киберқауіпсіздік сарапшыларын тартатын арнайы бағдарлама. Бұл бағдарламаныGoogle, Facebook және Mozilla сияқты компаниялар пайдаланды және қосымша қауіпсіздік мамандарын жалдау құнын үнемдей отырып, олардың жүйелерін сенімдірек етті. Ұлттық Bug Bounty платформасының операторы Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік қызметтерінің көшбасшысы  – TSARKA.
         «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
          Қоғаммен байланыс басқармасы
 www.nitec.kz
          Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
  Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара Мажитова
press@nitec.kz
+7 (7172) 701665 ВН 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...