Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІКТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІКТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІКТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

             Қазақтардың мәдени-этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 40-қа жуық конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ, 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығы бұл сөзіміздің бірден-бір дәлелі болмақ.
           Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының негізгі күші ұлтаралық татулықта. Ынтымақты дамытуда Жетісай ауданындағы этно-мәдени орталықтардың да қосып отырған үлесі аз емес. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 26 жылдығы аясында №28 «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебінде ұлтаралық атулықты дәріптеуге арналған мәдени шара болып өтті.
           Бүгінде Жетісай ауданда 5 мәдени орталық жұмыс жүргізіп келеді. Онда әрбір ұлттың өкілдеріне өздерінің тарихы мен мәдениеті, ана тілдері мен салт-дәстүрлерін дамытуда, келешек ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда кеңінен жағдайлар жасалған. Аудандық және облыстық мәдени, қоғамдық істерде де өзге ұлт өкілдерінің алар орыны ерекше.
            Аудандағы ұлтаралық татулықты сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқан «Парвиз» этно-мәдени қоғамдық бірлестігі №28 «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебінде «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» тақырыбында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 26 жылдығына арналған мәдени шара өткізді. Ұлттық киімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы мұрындық болған шараға Жетісай ауданымен қатар көршілес аудандардың да қоғамдық бірлестік жетекшілері шақырылды.
           «Елдің ынтымағы мен бірлігін, саяси тұрақтылығын нығайтуға бағытталған мұндай іс-шараларымыз 4 ауданда өтті. Алдағы уақыттарда Түркістан облысындағы 12 этно-мәдени орталық бірлестіктерінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Арнайы іс-шара жоспарын бекітіп, тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз» дейді Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов.
            Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Халықтардың ұлттық мәдениеті мен тілдерін дамыту мақсатында Елбасы Жарлығымен 1995-жылы Қазақстан халқының ассамблеясы құрылған болатын. Сол күннен бері елімізді мекен еткен әрбір ұлт пен ұлыстарға барлық жағдай жасалынып келеді. 175 мыңнан астам тұрғыны, 73 жалпы орта мектебі бар Жетісай ауданда 15 мыңға жуық тәжік этносының 9 аралас тілді мектептерде балалары білім алуда.
            «№28 «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебінде білім алатын 400 оқушының 300-ге жуығы тәжік этносы өкілдерінің балалары. Десек те, барлығы мемлекеттік тіл – қазақ тілінде білім алып, бір атаның баласындай тату-тәтті өсір сүреді. Орта мектепті бітірген соң Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде білім алып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Біздің тіліміз бөлек болғанымен тілегіміз, жүрегіміз бір» дейді Түркістан облыстық «Парвиз» этно-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов.
            Көптеген ұлттар мен этнос өкілдерінің бір-біріне ілтипат білдіріп, ырысты арттырып, ынтымағын нығайта түсуіне тікелей әсер ететін мәдени кеште Түркістан облысының Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасарлары Ербас Өтегенов пен Ерназар Баетов татулық пен ынтымақтастықты дәріптеп, елдегі саси тұрақтылықтың сақталуында аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтарға Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарын табыс етсе, «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен өз атынан алғыс хаттармен марапаттады.
           Іс-шара соңында мектеп оқушылары мен тәжік этно-мәдени орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұсынылып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазақ және тәжік тәлдерінде әуелете ән шырқалып, мың бұрала би биленді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...