ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТА ЕЛДІҢ БОЛЫП ҚОРҒАН
Posted by: Қалмұрат
in Әдебиет, Поэзия, Руханият
01/11/2021
46 Views
Аллаһым, қабыл етші оразамды,
Жайып тұрып тілеймін алақанды.
Отбасым, ел-жұртымды аман қылып,
Тыныштықпен атқызшы әрбір таңды.
Әр пеңдеге аяма жақсылығын,
Көбейсін деп тілеймін жақсы күнім.
Мың айдында қайырлы Қадыр түні,
Үміттердің шырағын жақшы бүгін.
О, Тәңірім өзіңнен сұранамын,
Естіртпеші пендеңнің жылағанын.
Қуаныштан нұр құйып жүректерге,
Орындашы тілегін сұрағанның.
Тілейін елдің аман тыныштығын,
Мол жақсылық әкелсін ұлыс күнім.
Тосын келген індеттен құтқар бізді,
Қайтар елге бір кезгі тыныш күнін.
Елім аман болсышы, жерім аман,
Күн кешейік болып бір жайлау жаған.
Шын тілегін пендеңнің қабыл алып,
Тыныштығын сақта елдің болып қорған.
О,Тәңірім!!!
Тұрды ӘЛСЕЙІТ, ақын.
Атакент кенті.
2021-11-01
Қалеке, Халтура өлең емес, мықты ақындардың өлеңдерін жариялап тұрсаңыздар? Мынадай өлеңсымақты мектеп оқушысы да жаза алады…