АДАМ ТАСЫМАЛЫН ЗАҢДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Қылмыс пен жаза, Маман кеңесі
01/11/2021
37 Views
Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің санитарлық талаптарды сақтау туралы қаулысының талаптарын, сонымен қатар, заң талаптары мен жеңілдіктерін, салықтың түрлері мен оны төлеу жолдарын түсіндіру, көліктердің техникалық байқаулардан өтуін және талаптарға сәйкестігін қадағалау, жеке тасымалмен айналысушылардың кірістер басқармасына заңды тіркелу керектігін және заң мен талаптар орындалмаған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатындығын ұғындыру мақсатында Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімі инспекторларының, аудандық кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен қаладағы адам тасымалымен айналысатын такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Елдегі коронавирустық инфекцияның әлі де түбегейлі тоқтамауына байланысты облыс аумағында бұқаралық іс-шараларды, тойханаларда адам көп шоғырландырып той өткізу мен тұрғылықты мекен-жай бойынша отбасылық жиын-тойларды өткізуге арнайы шектеулердің бар екендігі, адамдар арасында коронавирустық инфекциялық аурудың таралуын шектеу мақсатында ауданда арнайы құрылған мобильді топ өкілдері мерекелік немесе той жиындарын талаптарды сақтамай өткізген азаматтарға заң шеңберінде айыппұл салу шарасын қолданатындығын, адам тасымалымен айналысатын такси жүргізушілерінің салықтар басқармасына арнайы тіркелуі керектігін, табысынан мемлекет есебіне салық төлеу заңдылықтарын ескерткен жұмысшы топ өкілдері жүргізушілердің де ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қаладағы «Айгерім» және «Амантай» автобекеттерінде жүргізілген мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақыттарда қала, кент, ауылдық округтердегі адам тасымалымен айналысатын барлық нүктелерде жалғасын табатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2021-11-01