Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді

Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді

            Нұр-Сұлтан, Қазақстан: 3 қараша күні АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) маңызды кезең – президент Джон Ф. Кеннедидің агенттікті құрғанына 60 жыл толуын атап өтеді. USAID-тың Орталық Азиядағы өңірлік миссиясы агенттіктің 60 жылдығын мерекелеуге қосылады. Алты онжылдық ішінде USAID қауымдастықтарды нығайту және өмір сапасын жақсарту мақсатында бүкіл әлем бойынша елдермен ынтымақтаса отырып, халықаралық даму саласындағы әлемдік көшбасшы беделіне ие болды.
            Әлемнің 100-ден астам елінде USAID командасы серіктестерімен бірлесіп, өмірлерді сақтауға, кедейлікті азайтуға, демократиялық басқаруды нығайтуға және денсаулық, білім беру және экономикалық өркендеуді жақсартуға көмектесетін даму жобалары мен гуманитарлық жобалар бойынша жұмыс істеп келеді.
              1991 жылдан бастап USAID Орталық Азия елдеріне қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда USAID Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерімен және халықтарымен тығыз жұмыс істейді. USAID саяси, экономикалық мүдделер мен қауіпсіздік мүдделерін өз қалауы бойынша, өзі таңдаған серіктестерімен еркін қорғай алатын тұрақты және гүлденген Орталық Азияны; әлемдік нарықтармен байланыс орнатқан және халықаралық инвестицияларға ашық Орталық Азияны; демократиялық институттары бар, заң үстемдігі орнаған, және адам құқықтарын құрметтейтін Орталық Азияны қолдайды.
           Осыған орай, Агенттік басшысы Саманта Пауэр жаһандық даму туралы өз көзқарасы және қызметі кезіндегі басымдықтары туралы сөз сөйлейді. Қосымша ақпарат алу үшін USAID/Орталық Азия веб-сайтына және Facebook-тегі USAID/Орталық Азия парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...