Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШЫП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ШЕТЕЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШЫП ЖАТЫР

      Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелде қазақ тілін оқыту орталықтарын ашып жатыр.
        Олар қазірдің өзінде Түркия, Иран, Польша, Оңтүстік Корея, Беларусь, Қытай және Өзбекстан сияқты елдерде жұмыс істейді. Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында осындай тіл орталықтарының жұмыс істеуі шетелдік студенттердің қазақ тілін оқып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен танысуына арналған.
           Мысалы, Беларусь ұлттық техникалық университетінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ашқан Абай атындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы жұмыс істейді. Қазақстандықтар шетелдік студенттерге қазақ тілін үйретіп, ұлттық салт-дәстүрлер туралы айтып береді. Түрлі байқаулар, фестивальдар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар ЕҰУ М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығын ашты.
          «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Қазақ-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы жұмыс істейді, оның жанында «Беларусь» Тіл және мәдениет орталығы ашылды. Орталықтар жоғары оқу орындары арасындағы Халықаралық ғылыми және мәдени байланыстарды дамытып, Беларусь пен Қазақстан студенттері арасындағы достықты нығайтады. Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіретін басты ұйым болып табылады», – деп атап өтті Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Басқарма төрағасы Ерлан Сыдықов.
            ЕҰУ бастамасымен Ирандағы Алламе Табатабаи университетінде Иран-Қазақстан мәдени-білім беру орталығы да ашылды. Орталық бірлескен бағдарламаларды ілгерілетуді, бірлескен ғылыми еңбектер мен зерттеулерді жариялауды, жоғары оқу орындары арасында халықаралық іс-шараларды өткізуді үйлестіреді. ЕҰУ-нің осындай мәдени-білім беру орталықтары Қытайдың оңтүстік-батыс университетінде, Түркияның Nigde Omer Halisdemir университетінде, Өзбекстанның Ферғана мемлекеттік университетінде жұмыс істейді.
          Бұдан басқа, ЕҰУ Брюссель қаласында (Бельгия) интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі ресми өкілдігін ашты. Еуропалық Одақта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кампусының ашылуы жоспарда бар.
          М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытайдың жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнату және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен М. Әуезов атындағы ОҚУ Далянь шет тілдер университетінің базасында Қазақстанды зерттеу орталығын ашты. Онда Әуезов университетінің оқытушылары жұмыс істейді. Олар ниет білдірушілерге қазақ тілін үйретеді, оларды қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырады. Аталған орталық Қазақстан мен Қытай студенттері және оқытушылары арасындағы білім беру, ғылыми байланыстарды кеңейту бойынша да іс-шаралар өткізеді.
            Қазақ тілі мен мәдениеті орталықтары Польшадағы Ян Амос Коменский университетінде және Оңтүстік Кореядағы Kyungdong University-де жұмыс істейді. Олар Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің осы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы аясында ашылды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Польшаның Быдгощ қаласында шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының және Түркияның Кастамону университетінің базасында «Qazaq eli» мәдени орталықтары ашылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...