ТҮНГІ КӨШЕ – ҚАУІПТІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза
03/11/2021
131 Views
Аудан, облыс аумағында атқарылып жатқан қоғамдық, мәдени іс-шаралардан шет қалмайтын Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ аудандық ішкі істер бөлімімен бірге бірқатар атқарылар істердің жоспарын бекіткен. Жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асуы тиіс шаралардың бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдық сауаттылығын арттыру. Бұл бағытта арнайы рейдтік шаралар кенттер мен ауылдық округтерде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сондай кезекті жоспарлы профилактикалық тексеріс оқушылардың демалыс күндерінде кенттерде жүргізілді.
Басты мақсаты кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде жүретін, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда беймезгіл уақыттарда жиі және ұзақ болатын жасөспірімдерді, перзенттерінің тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу болып табылатын шараға Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен орталық мамандары қатысты.
Шара барысында сауда орындары мен дүкендерде, кафелер мен көпшілік орындарда кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінсіз кіргізбеу, спиртті ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатпау керектігі, сатқан жағдайда заң аясында жауапқа тартылатындықтары қатаң ескертілді. Әйтсе де, қанша уақыттан бері оқу орындары мен мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнпарақшалар ілінгенімен тәртіпке бағынғысы келмейтін жасөспірімдер бар екені рейд барысында анықталды.
Түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, олардың ата-аналарынан түсініктемелер алынды. Ескертулер жасалды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2021-11-03