КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТТЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Билік
05/11/2021
21 Views
Мақтаарал ауданында коммуналдық қызмет көрсету сапасы артты. Оған дәлел – ауыз су, газ, электр желілері жылдан жылға жаңарып келеді. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізген аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
Ауданда жалпы 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 44 елді мекенге 24 сағат, 23 елді мекенге кестемен су берілуде.
Республикалық бюджеттен жалпы 854,9 миллион теңге бөлініп, Атакент кентіндегі 13 көшенің және Мақтаарал ауылдық округі Береке, Есентаев елдімекендерінің, Иіржар ауылдық округі Иіржар елдімекенінің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4 нысанның 3-еуі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен 77,6 миллион теңге қаржы қаралып, Үлгілі, Табысты, Шұғыла елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Мәдениет, Азамат елдімекендеріне жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ауданда 13 елдімекеннің жер асты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 69 елді мекеннің 36 елді мекені табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын, абоненттердің 66%-ын құрап отыр. Алайда, 2022 жылы Мақтаарал ауданының газбен қамтылуы 73%-ға жететін болады. Өйткені, Иіржар ауылдық округіне қарасты елдімекендерді газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, газ жеткізуші станцияның құрылысына 143,2 миллион теңге және газ құбырының құрылысына 150 миллион теңге қаржы қаралып, жұмыстар жасалуда. Барлық нысандардың құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталатын болады.
Электрмен қамтамасыз ету бойынша да ауданда жұмыстар тоқтаған жоқ. Мәселен, Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат, Алғабас, Пернебаев елдімекендерінде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және КТП орнату үшін 130,5 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округтерінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату үшін 456,2 миллион теңгенің жобасы әзірленді.
Түнгі көшелерді жарықтандыру бағытында да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өнімкер елдімекенінің Ахтаев және Ақтерек көшелеріне ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жарықтандыру және Диқан-Мырзакент автожолының бойына ұзындығы – 3,8 шақырымды құрайтын аяқжол салу жұмыстары, Азаттық-Шымкент автожолының бойына ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын жарықтандыру, Қарақыр-Өркен автожолының бойына ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын жарықтандыру және аяқжол салу жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, Қалшораев елдімекенінің орталық көшесіне ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын жарықтандыру, Өркениет елдімекенінің Жайлымшиев, Сердалиев көшелеріне және Атакент-Жетысай автожолының бойына ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2021-11-05