«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша бакалавриат бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жасады. 2020 жылғы статистика бойынша 10 023 адам «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг», «Менеджмент», «Әлемдік экономика», «Бағалау», «Есеп және аудит», «Қаржы және экономика» сияқты 8 мамандық бойынша бакалаврды бітіріп, диплом алды.
«Бұл түлектердің 2500-і декреттік демалыста, әскерде, магистратурада (Қазақстанда және шетелде) оқуын жалғастыруда немесе шетел азаматтары. Қалған 7523 адамға сараптама жүргізілді. 79 пайызы диплом алғаннанкейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасады, бірақ 71 пайызы ғана 3 айдан астам уақыттан бері жұмыс істейді (тұрақты жұмыспен қамтылған)», – деп жазады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
«Атамекен» ҚР ҰКП аналитикалық деректеріне сәйкес, Big4 (Ernst&Young, KPMG, Deloitte, Price water house Coopers) компаниясы “Бухгалтерлік есеп және аудит”, “Қаржы” мамандықтары бойынша көбінесе келесі университеттердің түлектерін қабылдайды:
-
KIMEP;
-
Қазақ-Британ техникалық университеті (Академиялы қадалдық лигасының мүшесі);
-
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (Академиялық адалдық лигасының мүшесі);
-
NARXOZ университеті;
-
Almaty Management University (Академиялық адалдық лигасының мүшесі).
-
Олжас Ордабаев аталған сала түлектері үшін ең ірі жұмыс берушілер қатарында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ компаниялары бар екенін атап өтті.