«Пандемиядан кейінгі жаңа әлем» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысына әлемнің 50-ден астам беделді спикері қатысады. Олардың қатарында бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, зерттеу орталықтары және халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері бар.
2021 жылдың 15-17 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Астана клубының» алтыншы отырысы өтеді. Жиынды Әлемдік экономика және саясат институты мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр.
Шара бағдарламасы 3 күнге жоспарланған. Барлығы 14 кездесу өтеді. «АСТАНА КЛУБ 2021» жаһандық экономика, геосаясат, климаттың өзгеруі және ядролық қауіпсіздік тақырыптарын қамтиды.
«АСТАНА КЛУБ 2021» тақырыптары:
-
Коронавирус пандемиясы: қауіп жағдайында қалпына келу, COVID-19 жаңа мутациялары мен бөлінген әлем үшін салдары;
-
Ұлттық мүдделер дәуірі: ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің реконфигурациясы
-
Жасыл трансформация және жаңа климаттық күн тәртібінің дамушы елдерге тигізетін әсері;
-
Әлемдік экономикадағы теңсіздіктер: дамушы елдер алдындағы сын қатерлер;
-
Ұлы бөлініс: жаһанданудың жаңа архитектурасы қандай болады;
-
АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері;
-
Батыс vs Ресей: Еуразиялық экономикалық одақ үшін салдарлары;
-
Ауғанстан болашағы және оның Орталық Азия аймағына әсерлері;
-
Иран мен Таяу шығыс: ядролық мәміле және аймақ перспективасы
-
Жаңа әлемдік тәртіп немесе технологиялық үстемдік үшін талас.