Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

          Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет. Бұл бағытта Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан атқарылып отырған игілікті істер аз емес. Аудандық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып жүрген мектеп ұстаздары заман талабына сай жаңа оқыту үлгілері мен технологиясын қолдана отырып аудандық семинарлар өткізуді дұрыс жолға қойған. Онда оқушылар мен оқытушылардың білімі сараланып, жаңа әдістің тиімді жақтары айтылады, ой-пікірлер талқыға түседі.           
            Еліміз әлемдегі алғашқы отыздықтың қатарына енуді мақсат етіп отырған тұста білім жүйесімен де жоғары деңгейден көрінуіміз қажет. Ал, шәкірттердің терең білім алуына кеңінен сапалы жағдай жасау, ұстаздар қауымынан біліктілікті, мол дайындықты талап етері анық. Мемлекет басшысының жолдауындағы бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену үшін білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етіп отырған қоғамда ел ертеңі саналатын келешек ұрпақтың сапалы білім алуы басты назарда тұр. Оларға берілер білім – тиімді, оңай тәсілдермен түсіндіріліп, тиімді қолданылғаны дұрыс-ақ.
             Осы орайда Жетісай ауданындағы №12 жалпы орта мектебінде «Педагогикалық зергерлік шеберханасы» тақырыбында аудандық семинар-практикум болып өтті.
            Шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Разия Исаева мен №12 жалпы орта мектебінің директоры Гүлмира Каримова қатысушыларға сәттілік тілеп, ел Тәуелсіздігінін 30 жылдығымен құттықтады.
             Мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін шыңдау, педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикумда ұстаздар мен қатысушылар «Педагогтардың саралау және кері байланыс беру құзіреттілігін қалыптастыра отырып, оқушылардың білім алуға деген ішкі уәжін арттыра аламыз ба?» деген сұрақ аясында пікір алмасты.
             «Мемлекет басшысының өзі жастар саясаты мен біліміне, олардың заман талабына сай маман иесі болуына үлкен назар аударып, барынша мүмкіндіктерді жасап отырған шақта тірек және серіктес мектептердің ел эконномикасын дамытар тұлғаларды дайындауда атқарып отырған игі істері көңіл қуантады.
            Мұндай семинарлардың басты мақсаты – ұстаздар арасында өзара озық тәжірибелерді бөлісу, жаңаша технологияларды меңгеру болып табылады» дейді Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Алтынай Қазманбетова.
             Негізгі мақсаты – білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып, білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған «мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу болып табылатын семинар-практикумда мектептің ұстаздары өзара 6 топқа бөлініп, «Таныстыру», «Үздік педагогикалық идея», «Үздік ғылыми жұмыс», «Шығармашылық ойдың жемісі» және «Өнер сайысы» сынды 5 бөлімде оқушыларға жаңаша сабақ жүргізу әдістерімен бөлісті. Басқосуға қатысушылармен ой бөлісіп, пікір алмасты. Нәтижесі де күтілгендей – жақсы.
           «Бүгінгі семинарда оқытудың жаңаша, заманауи тәсілдерін енгізудің тиімді бастамаларын біз секілді серіктес мектептерден келген әріптестерімізге таныстырып отыр. Ұйымдастырушылардың ұсынып отырған жаңашыл идеяларына басқа да әріптестеріміз үлкен қызығушылықтар тынытып, өздерінің ойларымен бөлісіп отыр. Яғни, бұл өте маңызды, өзгеруіміз керек деген бір ұйғарымға келіп, ой түйіп отырған жағдайымыз бар. Іс-шара тамаша, жоғары деңгейде ұйымдастырылған» дейді «Р.Қошқарбаев» атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Әсия Нағжанова.
           «ХХІ ғасыр білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі» деген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін берік ұстанған мектеп ұжымында оқушының өзін-өзі тұлға ретінде көрсете алуы үшін білімді қаншалықты игергеніне емес, игерген білімді тиімді қолдана алуын басты назарда ұстау қалыптасқан.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...