Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ

          Өкінішке орай, бүгінде елімізде мойнында кредиті жоқ ересек қазақстандық өте сирек, тіпті жоқ десе де болады.  Тіпті кейбірінің мойнында 2 тіпті 3 кредиттен бары және қарыздары айлық табыстарынан да асып кететіндері де кездеседі. Соны жабу үшін олар әйелдерінің не күйеулерінің жетпесе отбасының басқа мүшелерінің табысына да ортақтасып жатады. Бұны тек біздің еліміздегі ғана жай деп айтуға да болмайды. Мүндай қиын жағдайға басқа елдердің азаматтары да тап болуда. Мысалы, әлемнің бақуатты елі саналатын АҚШ-та кредит алудың оңайлығы соншалықты, орта есеппен әрбір үшінші американдықтың кредиті ресми табысынан артып кеткендіктен, олар қосымша жұмыс істеуге мәжбүр екен.
             Психологтардың айтуынша дәл осындай күрделі жағдайға тап болған адамдар алаяқтардың алдауына тез түседі екен. Себебі, қиыншылыққа тап болған адам сақтық шараларын естен шығарып, көмек қолына ұқсас  кез-келген жайларға тез сеніп қалады. Бұны жақсы түсінетін алаяқтар, өз қақпандарына түскен азаматтың соңғы тиынына дейін қағып алатындары аздай, тіпті ол байғұсқа өмір бойы біреудің қарызын төлеттіріп те қояды. Соған қарамастан кейбір алаяқтар қолға түсіп сотталғанның өзінде көбінесе жеңіл жазамен құтылып кетеді (олардың көбісі заңның осал тұстарын кез-келген заңгерден жақсы біледі) және де одан жәбірленушінің есебіне өндіріп алушы қаржы да табылмайды. Себебі, алаяқтар атында ресми түрде ешбір құнды жылжымайтын не жылжитын мүлік болмайды. Барлығы әйелі не бауыр-туыстарының атында болады. Яғни, адам мұндай алаяқтардың қақпанына түсіп, өкінішті жайларға тап болмаулары үшін қарапайым сақтық шараларын есте сақтаулары керек.
            Түрлі қажеттілік үшін қомақты қаржы керек адам, қандай күрделі жағдайда тұрса да барынша сабырлы болып, жан-жақты ойланып барып іске кірісуі қажет. Керек соманы  жеке өсімқорлардан емес, талай жылдық мықты беделге ие банктерден алған дұрыс. Соның өзінде де ол банк туралы таныстарыңыздан, әлеуметтік желілерден, банктік рейтингтерді көрсетуші хабарламадан біліп барып әрекет жасауы керек.
           Банктердің алдында жүретін «ақ көңіл, банктегі танысы арқылы төмен пайызбен кредит алуға көмектесушілерден» барынша сақ болу керек.  Себебі, өзін-өзі құрметтеуші банк, беделін түсіруші ондай «көмекшілердің көмегін» қолдамайды. Ал егер сізге сондай ұсыныс айтушы жолықса, шұғыл түрде сол банктің қауіпсіздік бөліміне хабарлаңыз. Сол арқылы Сіз өзіңізді және басқа азаматтарды алаяқтардың құрығынан құтқарып қаласыз.
            Бүгінде телефон мен ғаламтор желісі заманында алаяқтар жаңа дәуірге тез бейімделіп, бұрынғы «алик-малик шарик» ойынын қойып, жаңа  «табыс аймақтарын» белсенді түрде игеруде. Олар телефон арқылы сізге өзін беделді бір банктің қызметкері ретінде таныстырып, құпия деректеріңізді біліп алғысы келетін болса, ғаламторда оларға кең мүмкіндіктер жетерлік. Күрделі тәсілдерді айтпағанның өзінде жай ғана, бір танымал банктің атынан «мерейтойлық сауалнама» жүргізіп, соның жауаптарына дұрыс жауап берсеңіз сізге «қомақты сома ұтатыңызды» хабарлайды. Соған сеніп қалсаңыз, …
              «Айдалада тегін жатқан батпан құйрыққа қызығып», өкінішті жағдайларға тап болмас үшін, мамандар қарапайым сақтық шараларын ұсынады. Телефон, планшет не дербес компьютеріңіз мықты құпия сөз орнатып қойыңыз. Ол туған күн не соған ұқсас өзіңізге қатысты айтулы дата болмауы керек. Банктік құпия деректеріңізді өзіңізден басқа ешкім білмеуі қажет. Сізге әлеуметтік желілерден немесе белгісіз электронды почтадан келген «бірден мол табысқа кенелтуші» «ең төмен пайызды кредит ұсынушы» күдікті хабарламаларды бірден жойып отырыңыз. Соларды жай ашып қарағаныныңыздың өзінде, смартфон не дербес компьютеріңізге қатерлі вирус кіріп кетіп, соның арқасында алаяқтар сіздің құпия деректеріңізді өздеріңіздің арам пиғылдарына пайдаланары анық.
            Егер де Сіз телефоныңызды ұрлатып не жоғалтып алсаңыз, бірінші кезекте өзіңіз қызметін пайдалаатын банктерге хабарласуыңыз керек. Себебі, қазіргі технологиялардың арқасында алаяқтар қажет деп тапса телефоныңыздағы паролді тез табады. Яғни, олар сол арқылы Сіздің бар құпияңызды біліп, атыңыздан оп-оңай мол кредит ала алады.
            Кейде телефоныңызға – Сіздің банктік есеп-шотыңызға қатысты операция жүргізілгенін, құпия сөзді тіпті банк қызметкеріне хабарламауыңыз керектігі жөнінде ескерту келіп жатады. Сол сәтте есеп-шотыңызды онлайн тексеріп көрсеңіз, бәрі дұрыс болып көрінеді. Іштей «біреу телефон нөмірінен қателескен екен ғой» деп қоя саласыз. Ал шындығында бұл біреулердің қаскөйлік әрекеті болуы әбден мүмкін ғой. Сол себепті кез-келген күдікті жай болса, шұғыл түрде банкке хабарласып, сақтық ретінде есеп-шотыңызға тексерту жүргізіп алыңыз.
            Есіңізде болсын! «Суға кетіп бара жатқан адамға, ең бірінші өзі ғана көмектесе алады». Жеңіл табысқа кенелемін деп жүріп, кейіннен өкінішті жағдайға тап болып жүрмеңіздер.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...