Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
15 ҚАРАША – БАТЫРЛАР КҮНІ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » 15 ҚАРАША – БАТЫРЛАР КҮНІ!

15 ҚАРАША – БАТЫРЛАР КҮНІ!

              2019 жылы тұсауы кесілген Қазақ ұлттық күнтізбесі жобасында 15 қараша күні Батырлар күні болып бекітілді.Бұл күн қазақ батырларының елдің бүтіндігін сақтаудағы еңбектерін жас ұрпаққа паш етуге бағытталған.
              Осы күні 1915 жылы Ұлы Отан соғысында басқыншылармен күресте үлкен қажыр-қайрат көрсеткен, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин дүниеге келді. Мәлік Ғабдуллин батыр ғана емес, сонымен қатар жазушы, ғалым – педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Ел намыс – ер намысы», «Қазақ эпосы», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» және тағы басқа көптеген кітаптардың авторы.
           Қазақ батырлары туралы сөз болғанда ел мен жерді жаудан азат еткен халық батырлары есімізге оралады. Жалпы алғанда батырлар тарихи жадысы ұмытылмаған, рухы биік халықтан шығады. Олар ұлттық рухтың, ел мен жердің қорғаны. Қазақ қоғамындағы Батырлар институты қазақ халқының жоңғар,хиуа, қоқан шапқыншылығы және патшалықтың отарлық саясат кезеңінде, Ұлы Отан соғысы мен 1986 жылғы қазақ жастарының ұлт мүддесін қорғауларынан айқын көрінді. Бұл ретте қазақ батырларының мұрасын дәріптеу аса маңызды екені даусыз.
            «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының Қазақтың ұлттық күнтізбесі жобасы 2019 жылы қолға алынған. Қазақ күнтізбесін шығарудағы мақсат ұлттық құндылықтарды сақтау және оларды жастарға насихаттау болып табылады.
             Осыған дейін Қазақ күнтізбесі шеңберінде Қазақ әдебиеті, Ұлт денсаулығы, Қазақ тарихы, Ұлттық ұран, Мемлекеттік тіл және тағы басқа мәні терең күндер аталып өтті.
Н.СҰРШАҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...