МАҚТААРАЛДА ОРМАН ӨСІРІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Экология
15/11/2021
41 Views
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №966 Қаулысының 39-тармағындағы «Мекенім – жасыл орманым» жалпы ұлттық ағаш отырғызу күнін өткізу бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес, йЖаңа жол» ауылдық округіне қарасты «Жеңіс» елдімекенінің кіреберіс жеріне 13-қараша күні көшет егу жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға 1245 адам қатысса, оның 524-і жастар болды. Сондай-ақ, бұл шараға 6 техника жұмылдырылып, жалпы саны 7500 дана көшет егілді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Мекенім – жасыл орманым" Орман Экологиялық шара 2021-11-15