КҮНЕГЕЙ КӨҢІЛ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Қоғам, Руханият
17/11/2021
24 Views
Жақында кітапханамызда – еліміздің танымал жазушы, журналист, аудармашысы Мархабат Байғұттың шығармашылығын жас буынға кеңінен насихаттау мақсатында, көпшілік оқырмандардың қатысуымен «Күнегей көңіл» атты мәдени іс-шара болып өтті.
Бұл шарадан көзделген мақсат: шығармаларында – адам өмірінің тылсым құпияларын, адамгершіліктің асыл құндылықтарын, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, табиғат сырын, адам психологиясын, жасөспірімдердің өмірдегі болмысын жан-жақты бере білген жазушылардың бірі Мархабат Байғұтты жас буынға кеңінен таныту болды.
Алдымен мен сөзге шығып, оқырмандарымызға – Мархабат Байғұттың өмірі мен шығармашылығын қысқаша таныстырып өттім. Екінші кезекте кітапханамыздың белді оқырманы Тажібай Азамат жазушының «Күнегей көңіл» атты шығармасынан үзіндіні жатқа оқыды.
Жазушының «Күнгей көңіл» дейтін осы жаңа жинағына оның қаламгерлік толғамдары енгізіліп, ол – «Күнгей көңіл», «Жомарт жол», «Шымкент шырыл» атты бөлімдерден құралған. Жинаққа кірген дүниелерінің бәрі дерлік –«Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланып, жұртшылық тарапынан жылы қабылданған.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде мен, оқырмандарымды Мархабат Байғұттың өзге де кітаптарымен таныстырып, осы шараға келген оқырмандарға өз алғысымды білдіріп, қортынды жасадым.
Д.БИЛИМБЕТОВА,
Атакент кенті-2, ф.10-шы кітапханасының меңгерушісі.
Кітапхана Мархабат Байғұт Руханият 2021-11-17