МЫРЗАКЕНТ ӨҢІРІ БОЙЫНША МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КЕМТАР БАЛАЛАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Хабарландыру
20/11/2021
230 Views
Мақтаарал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің, Мырзакент өңірі бойынша мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі болып Сабыр Нұрсұлтан Асқарұлы тағайындалды.
Сабыр Нұрсұлтан Асқарұлы 1992 жылдың 9 шілдесінде Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын – 2015 жылы «Сейдахметова Г» ЖК-де, заңгердің кеңесшісі, 2018-2019 жылдар аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментерінде мемлекеттік қызметтер атқарған.
2019-2021 жылдар аралығында Түркістан облысы, Созақ аудандық прокуратурасында іс-қағаздар жөнінде инспектор қызметін атқарған.
Отбасылық жағдайы бойдақ.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тағайындау 2021-11-20