Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТААРАЛ – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҚТААРАЛ – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ

МАҚТААРАЛ – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ

           Облыс орталығы Түркістан қаласында жиын-терім науқанын қорытындылау мақсатында дәстүрлі «Алтын күз – 2021» іс-шарасы өтті.
           Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері бойынша Мақтаарал ауданы ІІ орынды жеңіп алып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан әкімі Бақыт Асановты арнайы марапаттады.
          Жалпы Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. 2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 61 миллиард теңгеге жетті.
          ҚР-ның Үкіметі және облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей араласуы арқылы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерімен орнатылған келісімсөздің арқасында жыл сайын жетпей қалатын ағын су мәселесі биыл вегетациялық науқан кезінде графикке сәйкес өз деңгейінде берілді. Шаруаларымыз ағын судан қиналған жоқ. Дегенмен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы 5 жылда ағын су тапшылығы болатынын айтып, дабыл қағуда. Осыған байланысты Мақтаарал ауданының шаруаларына ағын суды көп мөлшерде қажетсінбейтін дақылдар егуге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
          2021 жылы мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 35,08 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Биыл шаруалар гектарына орташа 26 центнерден өнім алып, 92800 тонна ақ алтынды қамбаға жинады.  Мақтаның бағасы да жоғары болып, шаруаларымыз ақ алтынның тоннасын 320 мың теңгеден өткізді. Аудан аумағына мақта терім комбайндарының көптеп келуінің арқасында 82,2% машина көмегімен, 17,8% қолдың күшімен жиын-терім науқаны сәтті жүргізілді.
            Мақтаарал ауданы мақтамен ғана емес, қауын-қарбыз өсірумен де танымал. Биыл 16416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, 409267 тонна өнім алынды. Атап айтқанда, мақтааралдық диқандар гектарына есептегенде орташа 249 центнерден қауын-қарбыз жинаған. Сонымен қатар, бұл жылы диқандарымыз 2772 гектар жерге күріш дақылын егіп, гектарына 61 центнерден жалпы 16804 тонна өнім жинап үлгерді. Бұдан бөлек, 500 гектарға көкөніс дақылы егіліп, атап айтқанда қырыққабат пен қызылшадан 20721 тонна өнім өндірілген. Айта кету керек, бақша және көкөністен алынған өнімнің 80%-нан астамы шетелдерге экспортталған. Оған дәлел ауданымыз соңғы 2 жылда облыс көлемінде «Ең үздік экспорттаушы аудан» атағын жеңіп алған болатын.
          2021 жылы жылыжайлар көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 10 гектар жерге жылыжайлар құрылып, тапсырма толығымен орындалды. Сондай-ақ, 150 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіруге тапсырма беріліп, 165 гектарға немесе 110%-ға орындалды. Сонымен қатар, 120 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы берілген болса, 10 айдың қорытындысы бойынша 120 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынды.
          Жалпы аудан бойынша 1123 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері бар. Оның ішінде 835 дөңгелекті, 103 шынжыр табандысы, 185 комбайн және 24 жол құрлысы техникалары жұмыс істеп тұр.
          Ауданда егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2) бағдарламасына енгендігі белгілі. Бағдарлама аясында 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.
          Қазіргі таңда, бағдарламаның 1-ші 2-ші және 3-ші кешен бойынша жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Нәтижесінде, егістік алқаптарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген және алдағы уақытта егіс өнімділігінің артуы күтілуде.  
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...